ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

20:57, 12 сәуір 2021

ДК: Науан Хазірет мешітінде екпе егу пункті ашылды. Отыз күн оразада имандылық үйіне келетін жандар вакцинация ала алады.  Екпе алу індеттің бетін қайтарудың бірден-бір жолы. Сондықтан осыны ұғынған облыс орталығындағы түрлі мекеменің қызметкерлері де вакцина салдыру үшін жұмыс орнына ақ халатты абзал жандарды шақыртып жатыр.

РКС: Абылайхан Шәріпов – облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бас маманы. Ол орталық мешітте екпе егу пункті ашылды дегенді естіп, алғашқылардың бірі болып, вакцина салдыруға келіпті. 

СНХ: АБЫЛАЙХАН ШӘРІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ///аударма/// Менің ойымша, мұндай іс-шаралар қауіпті індеттің алдын алуға ерекше екпін береді. Мен тек қана өзімді ойлап емес, жақындарымды ойлап осында келіп отырмын. Мен мемлекеттік қызметкер болғандықтан, адамдармен тығыз байланыстамын. Өзім білмей, ауырып тұрған адаммен байланысып, инфекцияны үйге алып барып, жақындарымды ауыртуым мүмкін. Өз жақындарыма алаңдағандықтан, вакцина аламын деп шештім.

РКС: Бұл пункт Рамазан айы бойы таңғы сағат оннан кешкі беске дейін жұмыс істейді. Айта кетейік, жіті, созылмалы аурулар мен ауыратын, сондай-ақ, жүкті әйелдерге вакцина қабылдауға болмайды. Қауіпті індетпен ауырған адамға да жарты жыл ішінде екпе егілмейді. Орталық мешіттегі екпе егу пунктіне «Гам Ковид Вак» вакцинасының 50 дозасы әкелінген. Вакцинаны сақтау ережесі басты назарда дейді,-ақ халатты абзал жан.

СНХ: МАҚПАЛ АЙТБАЕВА, КРАСНЫЙ ЯР АЛҒАШҚЫ  МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///қаз///Жылжымалы екпе егу пункттеріміз де бар. Ол жылжымалы екпе егу пунктін біз осы күнге дейін Гранитный, Кирпичный ауылдарында орналасқан сотталған кісілер отырған мекемелерге барып, 130 кісіні қамтыдық. Одан бөлек Красный Яр ауылының маңында Нұрлы көш ауылы бар. Сол жерде орналасқан ФАП-та Нұрлы көш тұрғындарына арналған жылжымалы пунктін ашқанбыз. Келемін, аламын деген кісілер болса, әрдайым есігіміз ашық. 

ТАҚЫРЫП: МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАП ЖАТЫР

РКС: «Хоум Кредит Банкінің» қызметкерлері өз еріктерімен екпе егу мақсатында жұмыс орындарына ақ халатты абзал жандарды шақыртқан. Бүгінде бұл жердегі 20 қызметкер қауіпті індетке қарсы вакцина салдырып үлгерді.

СНХ: СВЕТЛАНА ЯНДУГАНОВА, «HOME CREDIT BANK» МЕНЕДЖЕРІ///аударма///Мен жаңа ғана екпе алдым. Негізінде  мүлде ауырмады. Әйтпесе, уколдан қатты қорқатын жанның бірі едім. Елдегі қауіпті індеттің өршуінің алдын алу мақсатында баршаңызға вакцина алуға кеңес беремін. 

РКС: Дәрігерлер вакцина салдыртуға өтініш берген адамдарға бірден екпе екпей, олардың денсаулықтарын жан-жақты сараптап барып қана шешім қабылдайтынын айтады.  

СНХ: ДАРЬЯ КИСЕЛЁВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ///аударма///Оларды пульсоксиметриядан, термометриядан өткіземіз. Қан қысымын тексеріп,  созылмалы аурулары бар ма, жоқ па, барлығын зерделеп болған соң ғана, талаптарға сәйкес келсе, екпе егеміз. Бүгін бірінші дозасын қабылдап жатыр. 21 күннен кейін екінші дозасын қабылдайды.   

РКС: Айта кетейік, вакцина қабылдаудың екі кезеңінен өткен соң, тұрғынның келісім қағазы арнайы базаға енгізіледі. Яғни, «Egov» мобильді қосымшасына кіріп, азамат өзінің «егу паспортынан» вакцинаны қай күні қабылдағанын, нешінші партия, сериялы екенін көруіне болады. 

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...