ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ӨРТТЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ САНЫ АРТТЫ

19:50, 26 қаңтар 2022

 

ДИКТОР: Жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында өрттің 49 дерегі тіркелді. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт саны азайған. Өкінішке орай, зардап шеккендер саны артып отыр.

РКС: 2022 жыл басталғалы 3 адам газдан уланған.  Өлім жағдайы 40% - ке артты.  Ал өрттен 5 адам қайтыс болды.

СНХ: МАНАРБЕК ШАПАҒАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ  ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:   Негізінен өрттің шығу себептерінің бірі -  пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы. Дәл осы себеппен 24 өрт, электр жабдығын монтаждау мен техникалық пайдалануды бұзу салдарынан  – 10 өрт тіркелді. Және азаматтардың  абайсыздығының кесірінен 4 өрт болды.

РКС: Өрттен Степногорск, Целиноград және Бурабай аудандарының тұрғындары ажал құшқан.  Негізгі себеп - халықтың өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауы.  Әсіресе, мас күйінде темекі шегетіндер көп.

СНХ: МАНАРБЕК ШАПАҒАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ  ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жылу беруге дайындық кезеңінде өрттің алдын алу жұмыстарына мұқтаж 7 508 отбасының тізімі құрастырылды.  Ақмола облысында есепте тұрған барлық отбасында  профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

РКС: Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтар мен шаруашылық субъектілерін газ қондырғылары мен жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтауға шақырады.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕРІК МАНАП. КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
18:38, 26 мамыр 2022
АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
18:37, 26 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВА...
Толығырақ...
 БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
18:35, 26 мамыр 2022
БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ТАПШЫ
20:40, 20 мамыр 2022
ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАН...
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:38, 20 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:42, 20 мамыр 2022
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛ...
Толығырақ...