ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ Толығырақ

ӨРТТІҢ САЛДАРЫНАН 2 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

20:43, 22 ақпан 2021

ДИКТОР: Өткен аптада Ақмола өңірінде өрттің салдарынан екі адам көз жұмды. Оқиға Қорғалжын мен Целиноград аудандарында тіркелген. Мас күйінде төсекте жатып темекі шегу, жекеменшік секторда пешті пайдалану кезінде ережені сақтамаудың соңы қайғылы оқиғаға әкеліп соқтырған.   

РКС: Облыс бойынша өткен аптада 17 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 13-і-тұрмыстық, үшеуі автокөлікте, біреуі-құрылыс нысанында орын алған.  Сонымен қатар, табиғи сипаттағы екі төтенше жағдай тіркелді. Қатты жел тұрып, Жақсы және Жарқайың аудандарындағы мәдениет үйлерінің шатырын ұшырып әкеткен.

СНХ: МАНАРБЕК ШАПАҒАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ  ОРЫНБАСАРЫ ///аударма///Департамент бөлімшелері 44 рет оқиға орнынан табылды. Одан бөлек республикалық маңызы бар 15 автожолда, облыстық деңгейдегі 49 учаскесінде ауа райының қолайсыздығына орай көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды. Мобильді бекеттерде  көліктердің кептелісі пайда болды. Блок бекеттерден жылыту орындарына  63 адам, оның ішінде 7 бала жеткізілді.

РКС: Өткен аптада "112" қызметіне 8 мыңға жуық қоңырау шалынған.  Қар құрсауынан 65 техника шығарылды. Құтқарушылар алыс сапарға шықпас бұрын алдымен ауа райын болжау мамандарының хабарламаларына құлақасу қажеттігін тағы да ескертеді.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, ЗАРИНА ДҮЙСЕКЕЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
19:40, 2 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
Толығырақ...
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:39, 2 наурыз 2021
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
18:39, 2 наурыз 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
20:25, 24 ақпан 2021
ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...