ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ОСЫ ЖЫЛЫ 188 ИНВЕТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

17:45, 24 маусым 2022

ДК: Осы жылы Ақмола облысында 188 инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Оған жеке инвесторлар есебінен 277 млрд.теңге қарастырылмақ. 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр. Соңғы жылдары осы бағыттағы жұмыстар қарқын алған. Оған мемлекеттен көрсетілетін қолдаудың артқандығы себеп болып отыр. Бұл туралы жергілікті инвесторлармен кездескен «KAZAKH ІNVEST» ұлттық компаниясының өкілдері мәлімдеді. Жиында қос тарап осы саладағы қордаланған бірқатар мәселерді тақылап, ұсыныстарын айтты.

РКС: Осы жылдың 5 айында облыс экономикасына тартылған инвестиция көлемі 181 млрд.теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27 процентке артып отыр. Жеке инвесторлар есебінен 17 жоба жүзеге асқан. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қанат Мұратұлы әңгіменің әлқисасын осындай көрсеткіштерден бастады. Ал, «KAZAKH ІNVEST» ұлттық компаниясы болса осындай ілкімді жобаларды қолдауға қашанда мүделлі екендігін жеткізді. Жалпы тренингтің негізгі мақсаты инвестициялық саясаттағы жаңашылдықтарды кәсіпкерлерге жалпақ тілде түсіндіру.

СНХ: МАРАТ ЕСЕНОВ, «KAZAKH ІNVEST» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ең негізгі мақсат ұйымдармен бас қосу. Көптеген жаңалықтар қабылданды. Инвестициялық саясат жөнінде концепция қабылданды. Міне осы жаңалықтарды инверторларға жеткізіп жатырмыз. Біз 3 бағытта жұмыс істейміз. Сол жұмыстар мен жоспарлармен бөлісіп жатырмыз.

РКС: Кәсіпкерлерге қолдау зор. Бұл бағытта да бірақатар кешенді жұмыс жоспары қарастырылған. Ұлттық компания өкілдері негізгі басымдық ауыл шаруашылығы саласына берілетіндігін атап өтті. Бұл аграрлы аймақ үшін таптырмас мүмкіндік. Себебі шөбі шүйгін Арқаның төсі мал бағуға қолайлы. Шара барысында осы және өзге де мемлекеттік қолдаулар тілге тиек етілді.

СНХ: ӘЙГЕРІМ ҚОЙЛАҚОВА, «KAZAKH ІNVEST» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ «БІР ТЕРЕЗЕ» ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Жалпы мемлекеттік қолдаудың бірнеше түрі бар. Біріншіден салықтан босатылу. Инвестициялық субсидия өсіп келеді. қолдаулардың өзіндік операторы бар. Біздің компания мемлекет тарапынан көрсетілетін сол қолдауларды жүзеге асырып, инвесторларға береміз.

 

РКС:  Жалпы инвесторлар жергілікті немесе сырттан келген деп бөлінбейді. Қолдау бәріне бірдей көрсетіледі. Осы орайда «Kazakh Іnvest» компаниясы ақпарат беруден бастап, заңгерлік көмек, инвестициялық келісімшарт жасау, жобаларды жүзеге асыруға дейін қолдау көрсетеді. Тренигтан соң ұлттық компания өкілдері шаһардағы өндіріс ошақтарын аралап, жұмыс барысымен танысты.


АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
13:09, 21 шілде 2022
COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
Толығырақ...
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:00, 21 шілде 2022
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
12:59, 21 шілде 2022
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар