ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРМЕК

13:02, 3 наурыз 2021

ДК:  Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың жобалық кеңсесі  2019 жылдан бері жұмыс істейді. Оның басымдыққа ие міндеттерінің бірі кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және дамыту. Бүгінгі таңда отандық тауар өндірушілерді қолдауда  нарықтағы импорт үлесін азайтып, жергілікті өніммен алмастыруға маңыз беріліп отыр.

РКС: Жобалық кеңсе жергілікті өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасау, мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру және жобаларды іріктеумен айналысады. Бүгінгі таңда заманауи технологиялар негізінде өндірісті ұйымдастыруға байланысты  көмек көрсетуге мән беріліп отыр. Бұған қоса жобалық кеңсе импортты алмастыруды ғана емес, отандық тауар өндірушілердің эскпорт нарығына шығуын да көздейді.

СНХ: АҚЫЛБЕК СМАҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма///Жобалық кеңсе 39,9 миллиард теңгенің 238 жобасымен жұмыс істеді, оның ішінде 233 жоба 36,5 миллиард теңгеге қаржыландырылды. Былтырдың өзінде облыста мемлекеттік сатып алу көлемі 375 млрд теңгені құрады. Оның ішінде  құрылысқа 108,4 млрд теңге бөлінген.

РКС: «Қарапайым заттар экономикасы» деген ұғым азық-түлік, киім-кешек, құрылысқа қажетті құрал-жабдық сынды күнделікті халық тұтынатын аса қажет заттармен етене байланысты. Бір қарағанда экономикаға еселеп табыс әкелмейтіндей көрінгенімен, негізгі сұранысты осы «қарапайым заттар экономикасы» өтейді.

СНХ: АҚЫЛБЕК СМАҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма/// «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша құрылыс материалдарын сатып алу көлемі 46,9 млн, жеңіл өнеркәсіпте 612,6 миллион теңгені құрады. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы» аясында 5 672 адам жұмыспен қамтылып, 11 мың 467 жұмыс орны құрылды.

РКС:  Тағы да бір айта кететін мәселе, өңірде  құрылыс материалдары, соның ішінде гипсокартон, құрғақ құрылыс қоспалары мен бояулары, металл плиткалар, сантехникалық бұйымдар, сондай-ақ еден жабындары өнідірісі жоқтың қасы. Салдарынан құрылыс компаниялары Қытай, Ресей, Украина елдеріндегі өндірушілерден сатып алуға мәжбүр. Ал бұл өз кезегінде ел экономикасына едәуір өсуіне кедергі жасайды.  Оны шешу үшін Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын мейлінше арттырмақ.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...