ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ӨТКЕНДІ ЕСКЕ ТҮСІРМЕЙ, БОЛАШАҚ ЖОҚ...

21:00, 14 маусым 2022

ДИКТОР: Өңірде «Өткенді есіне түсірмейтін адамның болашағы жоқ» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараның басты мақсаты-Уәли ханға арналған мұражай салу.

РКС: Бүгінде Уәли хан туралы дерек аз. Ол 37 бойы жыл билік басында болып, ел тарихында өзіндік қолтаңба қалдырса да, ұлы тұлғаның өмірбаяны әлі де толықтай зерттелген жоқ. Іс-шараға қатысқан оқушыларды да осы мәселе қынжылтады.  

СНХ:  КСЕНИЯ АНТОШИНА, КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ (АҚТӨБЕ): Я приехала с города Актобе. +скл+ Нас заинтересовало то, что Уали хан был очень великим человеком. Но про него мы еле находим какую то информацию. Это очень печально. Мы должны это исправить. ///  Мен Ақтөбе қаласынан келіп отырмын. Уәли ханның ұлы тұлға болғанына күмән жоқ. Алайда, бүгінде ол туралы ақпараттың жоқтығы қынжылтады. Бізді де қызықтырғаны осы. Мұндай олқылықтың орнын біз сияқты жастар толтыруымыз қажет.

РКС: Мұндай іс-шараны өткізу идеясы осыдан екі жыл бұрын келген. Алайда, ол соңғы жылдардағы карантиндік шектеулердің салдарынан жүзеге асқан жоқ. Діттеген мақсат тек пресс-конференция өткізу емес. Ол  бұл жобаның  бастауы ғана. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта Уәли ханға арналған мұражай салуды жоспарлап отыр. 

СНХ: АЙМАН САЙБАТАЛОВА, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ (АҚТӨБЕ):  Наш проект готовился совместно с учениками села Акколь. Скл Участие на конференции должно стать толчком к строительству необходимого музея. Данный проект очень важен для жителей села Акколь. Потому что там есть мазар Уали хана, но нет музея. Мы хотим это сделать. /// Біз бұл жобаны Ақкөл ауылының оқушыларымен бірге қолға алдық. Бұл  конференция  мұражайдың салынуына үлкен ықпал ететініне сенеміз. Ол әсіресе Ақкөл ауылының тұрғындары үшін аса маңызды болмақ. Себебі, елдімекенде Уәли ханның мазары бар, алайда, ешқандай мұражай жоқ. Сондықтан да, біз мұны қолға алмақпыз.  

РКС:  Бүгінде мұражай салу идеясы қолдау тапқан. Қаржылай көмек көрсетіп жатқандар да бар.  Ақкөл ауылының тұрғындары да бұл жобаны жүзеге асыру үшін барымызды саламыз,-дейді.

СНХ: ЖАНАТ ОРЫНБАЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: В Советское время в истории Казахстана было забвение. И только тогда когда мы получили Независимость мы начали эту тему заново поднимать. Но эта работа  не за короткое время, она долгосрочная. Мы будем работать дальше.  /// Кеңес уақыты кезінде Қазақстан тарихы толық зерттелмей, түрлі олқылықтар орын алғаны ащы да  болса шындық. Біз егемендік алғаннан кейін ғана осы тақырыптарды қозғай бастадық. Бұл жұмыс оңай емес, тез іске асыру да мүмкін емес. Біз діттеген мақсатымызға жетпей тоқтамаймыз.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...