ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ӨЗГЕНІҢ ӨМІРІН ҚҰТҚАРУҒА АСЫҚҚАНДАР...

20:01, 30 шілде 2021

 

ДИКТОР: Өңірде қан жетіспеушілігі өткір сезіліп отыр. Қан тапсыру орталығы донорларды игі шараға шақыру мақсатында ауқымды жұмыс жүргізуде.  Бұл жолы волонтерлар мен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері қан тапсыру акциясына қатысты.

РКС: Қан орталығынан қаладағы барлық медициналық мекемеге науқастар үшін тәулігіне 30-40 доза қан бөлінеді.  Егер күн сайын қорды толтыру үшін 25-30 адам келсе жеткілікті. Алайда, қауіпті індет таралғалы бері орталыққа 10-15 қана  адам келетін көрінеді.

СНХ: БОТАГӨЗ АБЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Донор болу – игі іс. Қан тапсыру арқылы олар бірнеше өмірді құтқарады. Сондай-ақ, үнемі қан тапсыратын донорлар өз денсаулығын автоматты түрде бақылайды. Барлық медициналық тексерістен өте алады. Әрбір адам өмірінде бір рет донор болуы керек. 

РКС: Кез келген адам донор бола алмайды. Жүкті, бала емізетін әйелдер мен тыныс алу жүйесі сыр бергендерге шектеу қойылған. Қан тапсыру алдында акцияға қатысушылар барлық қажетті тексеруден өтіп, қан тобын анықтауға талдау жасалды.

СНХ: МИРАС БІЛӘЛ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ: Мен 3 жыл бойы қан тапсырамын. Бұл менің азаматтық парызым деп санаймын. Өңірдегі қан орталығында қан тапшылығы сезіліп отыр екен.  Сол себепті, қала тұрғындарын қан тапсырып, донор болуға шақырамын.

СНХ: ӘСИЯ ҚАНАШЕВА, ВОЛОНТЕР ///аударма///Бұл акция ай сайын өткізіледі. Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері де қан тапсырады. Бүгінгі акцияға төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінен 20-ға жуық қызметкер қатысты.

РСК: Қан тапсыру үшін  18 жасқа толған, медициналық тексеруден өткен азамат болсаңыз жеткілікті. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың болуы шарт. Қан тапсыру арқылы өзгенің өмірің құтқарасыз.

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...