ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

ӨЗГЕРІСТЕР АУҚЫМЫ – ҮШ ҰРПАҚ КӨЗІМЕН

20:00, 22 қараша 2021

ДИКТОР: «Өзгерістер ауқымы – үш ұрпақ көзімен». Дәл осындай атаумен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Көкшетауда дөңгелек үстел басына жиналды. Үш онжылдықта бағындырған белес пен «әттең-айлап» қалған тұстарға тоқталды.

РКС: Посткеңестік Қазақстан 1990-2000 жылдардағы қиындықты қалай еңсерді? Екінші онжылдықта қандай маңызды реформалар жүзеге асты? Жаңа интеграция кезеңі  2010-2020 жылдар бүгін бізге нендей мүмкіндік ашты? Бұл үш буынның бас қосқан алқалы жиынында талқыға түскен сұрақтар.   

СНХ: ӘНАС БАҚҚОЖАЕВ, «АУЫЛ» ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Ең бірінші жетістік – шекарамызды бекітіп алғанымыз. 90 жылдары ең қиын мәселе – көршіміз ірі Ресей, Қытай тұрған кезде бұл мәселені өте тиянақты, уақытылы және сапалы түрде шешіп алдық. Екіншіден, түрлі халықтар достастығы. Әлемде шарлап шықсаңыз да, біздікіндей достық, ынтымақтастық ешбір жерде жоқ деп айта аламын.

РКС: Аға буынның айтуынша,  мемлекеттік бағдарламалар жасаған уақытта немесе жаңа реформа басталғанда бұрынғы қателіктер мен артықшылықтар ескерілмейді. Қай сала да тарих жоқ. Статистиканы өзгеріссіз қайталай беруді қою керек.  Ішінара кемшіліктер бар болғанмен, жеткен жетістік басым, - десті дөңгелек үстел қатысушылар.

СНХ: ӘНАС БАҚҚОЖАЕВ, «АУЫЛ» ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Біз мемлекеттік аппараттың жұмысын өте жақсы ұйымдастырдық. Иә, әрине, мемлекеттік органдардың қателіктері болып жатады. Бірақ жүйе ретінде өте жақсы жұмыс істеп тұрған аппарат. Осыған қарап талай азамат өсті. 30 бен 50 арасынжағы азаматтар өте қуатты, белсенді.

РКС: Өз кезегінде жастар «Болашақ» бағдарламасы мен зейнетақы қорын тиімді жолға қойылған жоба деген пікір білдірді. Тәуелсіздікті тұғырлы ету - үш буынның келелі келісімдерімен келетін  дүние екені даусыз.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...