ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ӨЗІБЕК ХАСЕНОВҚА ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

19:59, 1 маусым 2022

ДК: Зеренді ауданына қарасты Шағалалы ауылында белгілі ғалым,  ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Өзібек Хасеновқа ескерткіш тақта орнатылды. Мемориалдық тақта бұрынғы «Көкшетау тәжірбиелік-өндірістік шаруашылығы» институтының қабырғасына ілінді. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, ғалымның шәкірттері мен жақындары қатысты.

ЕСТ.ШУМ: ТАҚТА АШЫЛУЫ

РКС: Өзібек Хасенұлы 1916 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Қызылағаш ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің түлегі. Мамандағы  - агроном. Жасынан білім, ғылымға құштар болған ол түрлі бидай мен өсімдік түрін шығарған. Ол 50-ден астам ғылыми шығарманың авторы атанған.

СНХ: БЕЛГІБАЙ ХАСЕНОВ,  ӨЗІБЕК ХАСЕНОВТЫҢ ІНІСІ:  Бұл кісі өте көпшіл адам еді. Адалдығы мен әділдігі арқылы дараланып тұратын. Турасын айтатын. Өз жұмысын шексіз сүйді. Өзінің жасаған дүниелерін айтып, сорттарды шығарудағы сырларымен жиі бөлісетін. Сол төккен тер ақталып жатыр деп есептеймін.

РКС: Жалпы Өзібек Хасенов Шағалы ауылында көп жылдар еңбек еткен. Дәл осы жерде оның алғашқы туындылары пайда болып, іс-тәжірбиеден өткізген. Ғалымның осы бастаған ісін бүгінде ауылдағы «Көкшетау тәжірбиелік-өндірістік шаруашылығы» серіктестігі жалғастыруда.

СНХ: ҚҰТТЫМҰРАТ ТАҒАЕВ, СЕРІКТЕСТІКТІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Көкшетау тәжірбиелік-өндірістік шаруашылығы  қазіргі уақытта  көп жылдық дақылдар оның ішінде жоңышқа дақылдар, түйе жоңышқа дақылын, картоп дақылдарының осы жерде өздерінің сорттары бар. Сонымен әртараптандыруға қатысты басқа да дақылдармен осында кіргізіп жатырмыз. Оның ішінде тритикале дақылы бар.  Ол үшін біздің мақсатымыз осы дақылды ауыл шаруашылығы осы  жердегі мал шаруашылығына осы дақылды еңгізейін деп отырмыз.

РКС: Салтанатты шараның екінші бөлімінде аталмыш серіктестік пен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті меморандумға қол қойды.  Олар енді осы ынтымақтастық аясында достық көкжиегін кеңейтуді жоспарлап отыр.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...