ШҰҒЫЛ! ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАТАҢ КАРАНТИН САҚТАЛАДЫ Толығырақ

ӨЗІН-ӨЗІ ЕМДЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

20:06, 13 шілде 2020

 

ДИКТОР: Өзін-өзі емдеудің түрлі тәсілі бар. Әсіресе, қазіргі қауіпті індет жайлаған шақта көбі осымен айналысуда. Тек  кейде білместік танытып, дәрігердің нұсқауынсыз жасалған дүние сан соқтыруы мүмкін. Сондықтан6  «өзім білемінге» салынбай, алдымен ақ халаттының  кеңесіне құлақ асу қажет.

РКС:  Жөтел,  дене  қызуының  жоғарылауы,  демікпе, тамақтың  ауруы – респираторлық симптомдар. Мұндай жағдайда алдымен көп су ішу қажет. Бірден антибиотик қолданбаған жөн. Өйткені, COVID-19 - бактериялық емес, вирустық инфекция. Бөлмені жиі желдетіп, тамақтанған кезде жеке ыдысты  қолданған жөн. Антибактериялық дәрілерді  тек аталған симптомдардың пайда болғанына 10 күн  өткенде ғана ішуге болады.

СНХ: АЙГҮЛ   ҚҰРМАНӘЛИЕВА,  №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ДӘРІГЕРІ // РУС////   03:22 Антибактериялық терапия тек бактериялық инфекция жұққан кезде қолданылады. Вирустық инфекция кезінде антибиотиктер әсер етпейді. Сондықтан,  организм инфекциямен өзі күресуі керек. Өйткені, ол иммунитет. Ал 50-ден асқан, әрі жалғаспалы қан қысымы, диабет сияқты дерті бар адамдардың дәл осындай инфекцияны жеңулері қиынға соғады. Сондықтан, үлкен кісілерді бөлек оқшаулау керек.

по антибактериалной терапии, она начинается приниматься именно антибиотики, именно  после присоединения  бактериалной инфекцией. При вирусных инфекциях  антибиотики не действуют. Поэтому организм сам должен бороться с инфекцией. Это же иммунитет. Такая же инфекция как и у всех. Именно у пациентов, которые сташе 50 лет, у которых имеются сопутствующие заболевания,  давления, сахарный диабет, у них протекает тяжелее. Поэтому именно надо изолировать взрослых людей

 

РКС: Сондықтан, қарт кісілер тыныс алу жаттығуларын жиі  жасаулары  керек. Әсіресе, гипертония, қант диабетімен тіркеуде тұрғандардың үнемі төсек тартып жатпай,  қозғалғандары  жөн. Сондай-ақ оларда инфекцияны жұқтырудың белгілері кейде кеш байқалады.

 

СНХ: АЙГҮЛ   ҚҰРМАНӘЛИЕВА,  №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ  ДӘРІГЕРІ // РУС////  Егер расталған пневмония болса, КТ және рентген кескіндері  өкпенің 30 процентінің зақымданғанын көрсетсе де ауру симптомдары мүлде болмауы мүмкін. Яғни, кейде  сырқат белгілері 30 процентке дейін болмайды.  Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Бұл сондай вирустық пневмония. Мұндай жағдайда амбулаторлық жағдайды еске алу керек. Көп су ішу, тыныштық сақтау керек. Ешкіммен байланысқа түспеген абзал. Ең бастысы тыныс алу жаттығуларын жасау керек.

 Если подтвержденная  пневмония, и на КТ снимки и на рентгене  вы видите поражения легких на 30 процент, до 30 процентов симптом может вообюще не проявляться.  Люди некоторве делают кт, у них уже поражения легких 30 процентов, но симптомов никаких нет.  Этого тоже не надо пугаться. Это такая вирусная пневмония. Надо делать все же самое, как в амбулаторных условиях. Обильно питье. Пастельный режим. Не желательно с кем-то контактировать. И самое главное делать ждыхательную гимнастику.

 

РКС: Өзін-өзі емдеу кезінде халық медицинасының да пайдасы бар,-дейді дәрігер. Мәселен, С  дәрумені,  лимон,  сарымсақ  вирустық  инфекциямен күресте  жақсы көмектеседі.

 

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
20:05, 14 тамыз 2020
КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
20:02, 10 тамыз 2020
АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
Толығырақ...
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР»
19:56, 10 тамыз 2020
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР...
Толығырақ...