ШҰҒЫЛ! ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРМЕК Толығырақ

ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУДЫҢ 679 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН

12:13, 20 қаңтар 2021

ДК: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жер шарында 40 секунд сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсайды. Өкінішке орай, соңғы үш жылда суицид статистикасы бойынша Қазақстан алғашқы ондықтың қатарына еніп отыр. Бұл көрсеткіш халқы аз ел үшін жаға ұстатарлық жәйт. Ақмола облысында былтыр осындай 679 жағдай тіркелген. 

РКС: Өңірде бір айдың ішінде ғана өз-өзіне қол жұмсағандардың саны 26-ға жетіп отыр. Бұл факті Қылмыстық Кодексінің 105-ші бабы бойынша сарапталады.  Заңнамаға сәйкес, жәбiрленушiнi өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн итермелеген адамға  3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

СНХ: АРМАН ҚОЖАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ///аударма/// Зачастую граждане совершают данное преступление.... но зачастую совершают и взрослые люди тоже.Көп ретте отбасылық кикілжіңдерден кейін суицидке барады. Уақытша қиындықтарды еңсере алмағандықтан осы жолға бардым дейтіндер де кездеседі. Бұрын кәмелетке жасы толмағандар арасында бұл дерек көп тіркелсе, соңғы кездері ересектер, тіпті егде жастағы адамдардың арасында да кездесіп отырғандығы өкінішті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында туыстарынан, жақын достарынан жауап алып, қылмыстың орын алу себебін анықтаймыз. Сондай-ақ, жағдайдың ауырлығын анықтайтын сот-медициналық сараптамасы жүргізіледі.

РКС: Мұндай деректер тіркелгеннен кейін құқық қорғау органдары мен психолог мамандар отбасы мүшелерімен жеке-дара жұмыс жүргізеді. Ішкі күйзелістен шығару біраз уақытты қажет етеді,-дейді психологтар.

СНХ: АЙГҮЛ ӘЛЖАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ///аударма///Өзгеден көмек сұрау – ол сенің әлсіздігіңді білдірмейді. Біз ең әуелі осы стеротипті адам санасынан алып тастауға тырысамыз. Яғни, моральдық тұрғыдан әлсіздігін жоюға әрекет жасаймыз. Қоғамға айтарым, сондай жандарды кездестірсеңіз, мейлі жұмыста болсын, мейлі үйдегі жақын адамыңыз болсын, жылы сөйлеп, қолдау білдіруге тырысыңыз. Мүмкін, сіздің оған деген жылы шырайыңыз оның санасындағы  келеңсіз ойды алып тастауға себеп болар.

РКС: Қиындықпен күресе білу де-қайсарлықтың бір белгісі. Өкінішке орай, қазіргі уақытта жастардың бойында осы қасиет төмендеу,-дейді мамандар. Оның тағы бір себебі-отбасындағы тәрбиенің осалдығы.   

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ
 

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТАЛДЫ
20:08, 3 наурыз 2021
ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТ...
Толығырақ...
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
20:06, 3 наурыз 2021
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар