ШҰҒЫЛ! ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРМЕК Толығырақ

ПӘТЕР ЖАЛДАУДАҒЫ АЛАЯҚТЫҚ

19:45, 27 қаңтар 2021

ДИКТОР: Жылжымайтын мүлік саласында алаяқтар үшін аз уақытта көп ақша табуға болатын мүмкіндік көп. Жыл басынан бері интернет арқылы жоқ пәтерлерді жалға берудің 15 дерегі тіркелген. Оның 11-і Көкшетауда, 6-ы аудандардан анықталған. Құқық қорғау органдары осындай 6 бірдей әрекетке барған азаматтың ізін кескен. Ер адам қазір қамауда.

РКС: Жеке пәтер мен үйге қол жеткізу бүгінде көптеген қазақстандықтың арманы. Баспананы ұзақ мерзімге немесе тәулікке жалға алу жағдайды уақытша шешудің амалы. Баспа беттері мен интернеттен әркім өз қалатасына қарай керек пәтерін тауып жатады. Оның арасында жалған жарнаманың құрбаны болып кету қаупі де басым. Алаяқтар әдейі әдемі пәтірдің суреті мен арзан бағаны жариялап,   алдын ала брондауды ұсынады.
СНХ: ЕРМЕК МАНАТОВ, КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ /// рус///Өздеріңіз білетіндей цифрландыру қарыштап дамып барады. Көпшілік қайда болмасын интернетті қолданады. Оның ішінде түрлі тауарлар, сауда-саттық пен пәтер жалдау қызметтері де ұсынылады.  Арасында кейбір алаяқтар пәтер ақысын 1-2 ай алдын ала төлеуді ұсынады. Олар ақшаны QIWI әмиандарына немесе басқа да банк карталарына жіберткізеді.  Ал аталмыш карталар басынан-ақ осындай алаяқтық әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында жасалған болып шығады.  Яғни, карта иесі ешқайда тіркелмеген. Ақшаға қолжеткізген соң алаяқтар телеофондарын өшіре салады.

РКС: Егер сіз осындай жағдайме,н ұшыраса қалсаңыз, бірден құқық қорғау органдарына хабар беріп, арыздану керек. Жалған хабарландырудың скриншотын, алаяқпен жазысқан жазбалар мен ақша аударғаныңызды растайтын түбіртекті қоса әкелу керек. Сонда қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні ұстауға жедел іс-шара ұйымдастырылады.

СНХ: ҒАЛИЯ ЗЕРДЕНОВА, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК АГЕНТТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма/// Нарықта 19 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Интернет-ресурстардың болуымен қатар алаяқтардың да қарасы көбейді. Олар OLХ және КРЫША.KZ. сайттарында түрлі хабарландыру жариялайды.  Бірнеше жыл бұрын алаяқтардың басым көпшілігі шетелден еді. Енді қазақстандықтардың  арасында пайда бола бастады. Бізде кәсіби инстинкт қалыптасқандықтан, олардың қалай қақпанға түсіретінін білеміз. Тұрғын үйді жалға алғысы келетін адамға не істеу керек? Бірінші ереже ешқандай жағдайда ақша аударуға болмайды. Пәтердің бар екеніне көз жеткізу керек. Екіншіден, пәтерге қажетті құжаттарды сұраңыз. Тек содан кейін ғана жалдау келісім-шартын жасау керек.

РКС: Жылжымайтын мүлік агенттіктерінің қызметіне жүгіну бұл ретте қауіпсіз тәсілдің бірі. Дегенмен, қызмет төлемді.  Полиция қызметкерлері  танымайтын адамдарға интернет арқылы несие карталары мен  жеке бас куәлігінің суреттерін жібермеу керектігін айтады.  Әсіресе, алдын ала ақша аудармауға шақырады.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, МУСЛИМА АСХАТОВА, МЕДЕТ КАИРКЕНОВ, АЗАМАТ БЕКМАГАМБЕТОВ, КОКШЕ АКПАРАТ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТАЛДЫ
20:08, 3 наурыз 2021
ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТ...
Толығырақ...
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
20:06, 3 наурыз 2021
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар