ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ

19:43, 21 қаңтар 2022

 

ДИКТОР: Ағымдағы жылы өңірде 55 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Яғни, жүздеген ақмолалық пәтер кілтін алып қана қоймай, жөндеу жұмыстарын да бастайды деген сөз. Пәтер жөндеу мәселесі қашан да өзекті. Бірақ, өзіміз тұратын баспананың сәнді де, ыңғайлы болғанын қаласақ, бұл шаруаға шындап кірісуден басқа амал жоқ. Ал, қаражат пен уақытты үнемдеу үшін нені білмек керек? Арна тілшілері әзірлеген бейнематериалдан біле аласыздар.

РКС: Күрделі жөндеу жұмыстары дегеніміз – инженерлік жүйені алмастыру, қабырғалар мен еденді тегістеу, қайта жоспарлау, яғни, пәтердегі қабырғаны мүлдем алып тастау немесе жаңасын қою, сумен жабдықтау жүйесіне және басқа да коммуникациялар өзгерістер енгізу. Қысқасы, күрделі жөндеу – пәтердегі қабырға, есік, терезе сынды барлық ескі заттарды жаңасына алмастыру.

СНХ: АҢСАР ШАЙРАХМЕТОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:  Еденді жөндеу бойынша айтар болсақ, ең арзан жөндеу жұмыстары 1 шаршы метр үшін 15 мың мен 25 мың теңге аралығында шығады. Жалпы, ішкі әрлеу жұмыстары 3 миллионнан 13 миллионға дейін шығады. Бұл, 40-100 шаршы метр үшін. Осы күнге дейін ең көп шыққаны 13 миллион болды.

РКС: Әрине, жөндеу жұмыстарынң басты ерекшелігі бағасында. Орташа есеппен алғанда, күрделі жөндеуге кететін қаражат жаңа үйлердегі пәтер құнының 20–25%, ескі үйлердегі пәтер құнының 30–35% тең болады. Бұл ретте, үйдің ескі болғаны қиын. Өйткені, жөндеу жұмыстары қымсбатқа түскені  былай тұрсын, оны жасау да жаңа үйлерге қарағанда жиірек болады.

ИНФОГРАФИКА:  Пәтерді жөндеудің бағасы 40%ке құрылыс, монтаждау және әрлеу жұмыстарына, 25%ке материалдарға,  25%ке жиhаз бен техникаға,  5% дизайнерлік жобаға және тағы 5%і күтпеген шығындарға байланысты болады екен. Әрине, қазіргі заманда кез келген қалта көтере алатын материалдар мен жиhаздарды табуға болады.

ГРАФИКА :

 құрылыс, монтаждау және әрлеу жұмыстары — 40%;

 материалдар — 25%;

 жиhаз және техника — 25%;

 дизайнерлік жоба — 5%;

 күтпеген шығындар — 5%.

СНХ: ДЕНИС ЮРЧЕНКО, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:   Көбі пәтер алған кезде қабырғалар тік, бәрі дұрыс, түсқағаз жапсырсақ болды деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес. Көп ретте, қабырғалар қисық болады, оларды тіктеу қажет. Жөндеу жұмыстарын бастаған кезде кез келген адам шығындарын есептейді, бірақ, жұмыс барысында көзге көрінбеген олқылықтар шығып жатады. Егер, өз пәтеріңіздің едені, қабырғасы тік, әдемі болғанын қаласаңыз, әжептеуір шығындалуға тура келеді.

РКС:  Мамандар мердігер компанияны таңдаған кезде сақ болу қажеттігін айтады. Жауапсыз жұмысшыларға тап болып, пәтерін де жөндей алмай, ақшасынан да айырылып қалып жататын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан, жұмысшыларды іздеген кезде өзіңіз білетін немесе тексерілген адамдарға жүгінген дұрысырақ.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, БЕРІК МАНАП, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
18:38, 26 мамыр 2022
АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
18:37, 26 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВА...
Толығырақ...
 БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
18:35, 26 мамыр 2022
БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ТАПШЫ
20:40, 20 мамыр 2022
ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАН...
Толығырақ...
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:42, 20 мамыр 2022
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛ...
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:38, 20 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...