
ДК: Қазақстан полициясының күні Бұландылық Максимовтар үшін отбасылық мереке. Себебі үйдің отағасы Сергейден бастап одан тараған ұл мен қызда осы салада қызмет етіп келеді. Қос баласының бірі қоғамдық тәртіпті қадағаласа, енді бірі қылмыстың ізін суытпай ашатын криминалист. Темірдей тәртіп және елге адал қызмет ету бұл династияның басты ұстанымына айналған.
РКС: Биыл Наталья Шипакованың шең тағып, ішкі істер саласына келгеніне тура 15 жыл. Алдымен әкесіне, кейін ағасына қарап бой түзеген ол ойланбастан осы салаға келіпті. Бүгінде Наталья өз ісінің білікті маманы атанған. Ер адамдармен иық тіресе талмай қызмет етуде. Жұмыстағы қайсар қыз үйде аяулы жар, ардақты ана.
СНХ: НАТАЛЬЯ ЩЕРБАКОВА, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ, ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ: Менің осы салаға келуіме әкем себеп болды. Ол кісі 2003 еңбек демалысына шықты. Қызмет барысында жүргенде үнемі мені алып жүретін. Тіпті шақыртуларға дейін бірге барған кезім есімде. Ал, үйде әкемнің әскери киім көріп, қызығатынмын. Сол қызығушылық міне осы салаға алып келді. Ер адамнан қарағанда әйел адамға аздап қиындау. Өйткені оның отбасы, ошақ қасы деген екінші жұмысы бар.
РКС: Ал, үйдің тұңғышы Александр еңбек жолын 2002 жылы бастапты. Міне содан бері көптеген лауазымды қызметтерді атқанған. Қазіргі таңда ол аудандық полиция бөлімінің аға криминалисті. Александр Максимовтың басты мақсаты қылмыскерлермен бетпе-бет келіп, саусақ іздерін анықтап, сол қылмысты әшкерелеу.
СНХ: АЛЕКСАНДР МАКСИМОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА КРИМИНАЛИСТІ: Қылмыстың ізін суытпай анықтау менің осы саладағы негізгі міндетім. Сондықтан мен бар күшімді жұмысқа саламын. Мен бұл салаға ерекше махаббатпен келген жаннын бірімін. Айтулы мейрам қарсаңында барша әріптестерімді бүгінгі мерекесімен құттықтаймын. Жұмыстарыңызға табыс тіледім.
РКС: Қос полицейдің әкесі осы саладағы барлық сатыны жүріп өткен. Білімі мен тәжірбиесі толыққан ардагер өз ұл-қызынан ақылын аямайды. Жол сілтеп, бағыт-бағдар береді.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»