ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ

19:18, 10 қыркүйек 2021

ДК: Отбасы күні қарсаңында ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерінің ата-аналары қошеметке ие болды. Облыстық полиция департаментінің бастығы тәртіп сақшылардың ата-аналарына ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар мен Құрмет грамотасын табыстады.

СНХ: АРМАНБЕК БАЙМУРЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Әр адамның өмірінде ата-ана ерекше орын алады. Балалардың жетістіктері - бұл еңбек пен ата-аналарының дұрыс тәрбиесінің нәтижесі. Сіздерді келе жатқан Отбасы күнімен құттықтаймын және балаларыңызды лайықты тәрбиелегеніңіз үшін алғысымды білдіремін.

ЖКС: Кездесу барысында қызметкерлердің ерлік істері туралы бейнесюжеттер көрсетілді. Мәселен, полиция капитаны Аян Оспанов пәтер тонап жатқан қылмыскерді оқиға орнында құрықтады. Тәртіп сақшысы қарсылыққа қарамастан қарақшыға қарсы тұра алды. Сондай ерліктің бірі - аға лейтенант Бауыржан Өмірзақов өрт сөндірушілер келгенге дейін әріптестерімен бірге жанып жатқан дәмханадан газ баллонын алып шыққан. Дер кезінде қабылданған әрекеттердің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ, учаскелік инспектор лейтенанты Данияр Советовтың адал қызметі атап өтілді.

ЖКС: Шараға полиция департаменті қызметкерлерінің үш жас отбасы: Балтабековтар, Қуат және Жұмабековтар отбасы қатысты. «Отбасы - бұл ең үлкен бақыт. Бұл жаңа өмірдің бастауы, әдемі ұрпақтың жалғасы және дәстүрлердің қасиеттілігін құрметтеу», - деп атап өтті департамент бастығы Арманбек Баймурзин.

ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША КӨКШЕ АҚПАРАТҚА ДАЙЫНДАҒАН ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ.

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...