ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНҰЯСЫ

17:45, 24 маусым 2022

 

ДК: Біржан сал ауданындағы Қасымовтар жанұясын полицейлер әулеті дейді. Себебі, үйдің отағасы мен отанасы да ішкі істер саласында тер төгеді. Олар болашақта ұл-қыздарының да осы салада еңбек еткендерін армандайды. Ал, мереке қарсаңында қос полицей дастархан жайып, ерекше сән-салтанатпен атап өтеді. Әріптесім Абзал Азаматұлы полицейлер жанұясымен кездесіп қайтты.

ЕСТ.ШУМ МАШИНАДАН ТҮСІ СӘТІ

РКС: Бектас пен Аида күнде осылай жұмысқа бірге келіп, бірге қайтады. Қызмет барысында да бір-біріне демеу. Қос тәртіп сақшыны тоғыстырғанда осы шаңырақ. Ең алғаш аудандық полиция бөлімінде танысып, көңіл жарастырған.

СНХ: БЕКТАС ҚАСЫМОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ: Жұбайым мен келгенде осы жерде жұмыс істеп жатыр еді. Содан кейін екеуміз қосылдық. Үй болдық, жанұя болдық. Әйелімен бір салада жұмыс істеген қиын  емес. Бір жерде, күнде біргеміз. Жұмыс барысында келеңсіздіктер де болған емес.

РКС: Ал, Аида Қасымованың әскери киім киіп,  ішкі істер саласында қызмет ету бала күнгі арманы. Бірақ ол осы жолда өзінің өмірлік серігін жолықтыратынын еш ойламапты. Бала арманы оған сүйікті жұмысын ғана емес, мәңгілік махаббатын бірге сыйлады.

СНХ: АИДА ҚАСЫМОВА, БІРЖАН САЛ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ  ИНСПЕКТОРЫ: Осы салаға келген ең бірінші себебім отанға қызмет ету. Адамдарды әртүрлі құқық бұзушылықтардан қорғау. Екіншіден бала күнгі арманым еді. Сол бала арманымды жүзеге асырдым.

РКС: Ерлі-зайыпты погонды полицейлер отбасы бақытына кедергі келтірмейтініне сенімді. Жұмыс еңбекті талап етеді, төзім мен кәсібилікті қажет етеді. Бірақ Бектас та, Аида да осы мамандықты таңдағанына ешқашан өкінген емес.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...