ШҰҒЫЛ! ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК Толығырақ

«ПОЛИЦИЯ БАРЫСЫ» АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

19:42, 30 қараша 2021

ДК: Тұңғыш Президент және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ күресінен облыс біріншілігі өтті. «Динамо» спорттық ұйымы мен полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Полиция барысы» ашық чемпионатына 14 команда қатысты.

РКС:. Қазақ күресінің тәрбиелік маңызы зор. Сол себепті ел қорғаушылардың ұлттық спорт түріне көңіл бөлуі жас ұрпаққа үлгі. Ұлттық намысты қоздырып, жанкүйерлерге асқан шабыт сыйлаған байрақты бәсекеге кіл мықтылар қатысты. Жекпе-жек сайыс төрт салмақ дәрежесі бойынша өтті.

СНХ: НҰРЖАН ГИЛМИДЕНОВ, ПОЛИЦИЯ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ:  Бүгінгі қазақ күресі ойынын ұйымдастырған «Динамо» ұйымы  мен полиция департаментіне алғысымды білдіремін. Қарсыластарым да кіл мықтылар. Баршасына денсаулық тілеймін.Келіп жеткен мереке құтты болсын!   

СНХ: РҮСТЕМ МУРЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Тұңғыш Президент күніне және тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қазақ күресі ойынына құқық қорғау органдарының өкілдері де спорт арқылы өз үлестерін қосып жатыр. Барлық қатысушылар мен облыс халқына бақыт пен береке, отбастарына амандық тілеймін.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша 1-орын мен ашық біріншіліктің абсолютті чемпионы белбеуін облыстық полиция департаментінің қызметкері Нұржан Гилмиденов жеңіп алды. Ал командалық есепте 1 орын – облыстық полиция департаменті, 2-орынды Көкшетау қалалық полиция басқармасы, 3-орынды мамандандырылған күзет қызметі басқармасы иеленді. Жеңімпаз командалар мен чемпионаттың жүлдегерлері грамоталармен және кубокпен марапатталды. Сондай-ақ «Динамо» қоғамының спорттық киімі де табысталды.

ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША «КӨКШЕ АҚПАРАТҚА» ДАЙЫНДАҒАН ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ

Тақырып бойынша материалдар

 ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
19:58, 27 қаңтар 2022
ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
19:57, 27 қаңтар 2022
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
19:56, 27 қаңтар 2022
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...