ШҰҒЫЛ! ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ БАҚЫЛАУ-ӨТКІЗУ БЕКЕТІНЕ БАРДЫ

20:54, 19 наурыз 2020

Жүргізуші: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай мен карантин кезінде күн демей, түн демей еңбек етіп жүрген медицина және күштік органдардың қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Президент сын сағаттағы елорданың әзірлігін өзі бақылап отыр. Қазіргі ахуалмен танысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына кіреберістегі Жібек жолы ауылындағы бекетке барды.

 

Шум: 04:00 Жалпы бекеттерде қанша адам? Мына бекетте 49 адам. Ал периметр бойыншша? 420 адам.

Тілші: Жібек жолы бекеті – көлік ең көп қатынайтын жер. Сондықтан бұл жердегі дайындық мығым. Бұл бекеттен елордаға түнгі 00:00-ден бері 15:00-ге дейін 3600 автомобиль, 6800 адам кірген екен. Солардың барлығын полициейлер, әскерилер, медицина және санитария қызметкерлері жіті тексеріп жатыр.

Шум. 00:45 Қарасам, қазір жолда автокөлік аз екен. Жақсы, жұрт карантинді түсінген сияқты. - Қазіргі уақытта азық-түлікті қамтамасыз ету керек. Басым көпшілігі келген азаматтардың олар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Транзиттік те бар. тарнзимттіктер қалаға кірмей, айналма жолмен кетуде. Сонымен бірге қала аймағында тұратын елдімекендер олар қалада жұмыс істейтіндер олар кіріп-шығып жатыр. сонымен бірге көршілес өңірлерден базарларға келіп азық-түлік алушылар бар. Олармен арнайы жұмыстанып жатырмыз.

01:20 Азық-түлік мәселесі қалай болып жатыр? Жеткілікті ме?  Сіздің тапсырмаңыз бойынша қазіргі уақытта азық-түлікпен қамтамасыз етуді біз күшейтіп жатырмыз. 47 мың тонна астық бар. Айлық норма 18 мың тонна. Сонымен бірге СПК арқылы қосымша қаражат бөлдік. Ең маңызды азық-түлікке қазір бағаны тұрақтандыру үшін.

Тілші: Бас қаланың әкімі Алтай Көлгінов ас атасы нан да молынан дейді. Алты мың тонна ұн бар. Елорда тұрғындары картоп, сәбіз, пияз сынды көкөніспен қамтамасыз етілген. Бекетке келген Біртанов та президентке есеп берді.

Шум. 02:12 Бүгін қосымша науқас анықталды. Сонымен 25 науқас болды. барлық науқастар изоляцияда, карантинге жатқызылды. Контакті анықталып жатыр. алогритм бойынша жұмыс жасалуда. Қазір бүкіл пунктарда екі санитарлық дәрігер болады, ауысады смена бойынша. Олардың міндеті барлық кіріп жатқан азаматтардың температурасын өлшеп, қолдарына баяндама беріп жатыр.

Тілші: Еліміздің бас дәрігері науқастардың 80 процентінің жағдайы жеңіл, 15 проценті орташа дейгейде екенін жеткізді. Яғни, арнайы бір емдеудің қажеті жоқ. Қалада 3000 науқасқа орын әзірленіп қойған. Алда-жалда індет жайылып кетсе, науқастармен қарым-қатынаста болғандар үшін 13000 орын қарастырылған. Дәрі бар. ДДСҰ-ң ескертулері  де ескерілген.

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

03:10 Дәрігерлер, медбикелер қазір өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Өте ауыр, түсінеміз. Оларға алғыс айтқым келеді. Жалақы, сыйақы беруді қосымша бәрін уақытында төлеу керек.

Шум. Өткен айға 200 процент премия бердік. Әрі қарай да беріп тұрамыз.

Тілші:  Аулақ қылсын, дегенмен, мемлекет басшысы кез келген жағдайдайға дайын болуды тапсырды. Дертпен бірге келген дағдарыс та назарда болуы тиіс. Ол үшін президент мобильді экономиканы қосуды жүктеді. Ал қозғалысы шектелген қос қала тұрғындарын бұл жағдайға түсіне қарап, төзе білуге шақырды.

Тақырып бойынша материалдар

ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
20:35, 27 наурыз 2020
ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
19:22, 26 наурыз 2020
АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
Толығырақ...
 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
17:36, 27 наурыз 2020
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...