ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫ АҚМОЛАЛЫҚТАР КӨЗІМЕН

16:16, 12 қаңтар 2022

ДИКТОР: Биылғы жыл барлық қазақстандықтар үшін қиын басталып, елде төтенше жағдай жарияланды.  Елеулі оқиға Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың халықты жаңа Премьер-Министрмен таныстыруымен жалғасты.  Сол күні айтылған үндеудегі нақты шаралар мен елдің дамуына бағытталған жоспарлар әр ақмолалықтың жүрегіне жылу мен сенім ұялатқаны сөзсіз.

РКС: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  конституциялық тәртіп орнатуға бағытталған іс-әрекеттері өз жемісін берді. Ел оқиғаның дамуының өткір кезеңінен сүрінбей өтті. Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді.  Нақты тапсырмалар міндеттеліп, мақсаттар қойылды. Осының барлығы жаңа бастамаларға қодау білдіруге тұрарлық дейді,-ақмолалықтар.

СНХ: АҚҚУ АМАНЖОЛОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:   Отырыста көптеген қуанышты жаңалықтар мен жоспарлар айтылды. Ал, басты назарды Президентіміз қарапайым тұрғындар мен жастарға аударды. Бұл өте қуантарлық жайт. Меніңше, бұл үндеуден кейін әр қазақстандықта елімізді көркейтуге, дамытуға үлес қоссам деген ниет пайда болды.

 

РКС: ҚР Президентінің Мәжіліс отырысындағы үндеуінде көптеген әлеуметтік маңызды бастамалар көтерілді. Сонымен қатар, жастарға арналған жаңа оқу орындарын ашу да көптің көңілінен шыққан ұсыныс болды.:

СНХ:  РЕГИНА КНЯЗЮК, ФИТНЕС-ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Үндеуде айтылған тұрғындарға әлеуметтік қолдау білдіру, халықтың кірісін жоғарылату, «Қазақстан халқына» атты қор құрып, онда түскен қаражатты науқас балалардың еміне жұмсау сынды бастамаларды толық қолдаймыз. Техникалық бағыттағы мамандықтарға оқытатын 5 білім ордасын ашу туралы жаңалықты естігенде қатты қуандық. Бұл дегеніміз ел экономикасының әлеуетін арттыруға септеседі.

 

РКС: Шынымен, үндеуде көптеген ұсыныстар мен жаңашылдықтар талқыланды. Ал, оның барлығын жүзеге асыру біріккен, біртұтас қоғамның ғана қолынан келеді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ИВАН ОДНОРОГ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, "КӨКШЕ-АҚПАРАТ"

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...