ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ: ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ КЕРЕК!

19:52, 14 қыркүйек 2021

 

ДК: Ел дамуының маңызды орын алатын сала - денсаулық сақтау жүйесі. Әлемдегі эпидемиологиялық ахуал күрделенген тұста елдегі медицина саласының әуселесі көрінді. Мемлект басшысы Жолдауда сала дамуына мейлінше көңіле бөле отырып, бірқатар тапсырмалар берген еді. Аймақта қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр? Тілші баяндайды.

РКС: Коронавирус денсаулық сақтау саласын ғана емес, түгел жұртты әбігерге салды. Алғашқы кезеңде күн сайын мыңдаған адам инфекция жұқтырып, аурухана табалдырығында да жатты. Бір сөзбен айтқанда, медицина саласының вирусқа қарсы дайындығының әлсіздігі байқалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында медициналық қызметтің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуді сапалы түрде атқару керектігін айтты. 

СНХ: ҒАЛИЯ САБАТАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Еліміздегі маңызды құжаттардың бірі- Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы. Біз медицина қызметкерлері де хабарламада қандай мәселелер көтеріледі екен деп асыға күттік. Біз үшін халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау тақырыбы өзекті.

РКС: Жалпы аймақта, екпе алғандардың саны күннен-күнге артып келеді. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласындағы вакцинацияланған халықтың үлесі 54  процентті құрайды. Бұдан былай коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация тұрақты түрде жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Республиканың биологиялық қауіпсіздігін болжаудың ұлттық жүйесін құру жоспарланып отыр.

СНХ:ШЫНАР ЫБЫРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ  ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ Мемлекет басшысы біздің елдің зертханаларына қатысты сұрақтарға да тоқталды. Қазіргі стандарттарға сәйкес келмейтін, инвестиция мен қаржыландыруды қажет ететін зертханалар бар. Мен бұған толық келісемін. Негізінен өздерін көрсеткен фармацевтикалық компанияларды дамыту қажет. Бұл қазіргі жағдайда тіпті маңызды.

РКС: Мемлекет басшысы инвесторларды тартудың, технологиялар мен соңғы жаңалықтарды беруді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлесі 2025 жылы қолданыстағы 17 проценттен 50 процентке дейін ұлғайтылуы тиіс.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...