ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ: ЕЛІМІЗГЕ АЗАМАТТАР МЕН КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОРҒАЙТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ ҚАЖЕТ

18:35, 8 маусым 2022

ДК: Референдумның нәтижесі шықты. Енді нақты іске кірісетін уақыт келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  бүкілхалықтық дауыс берудің қорытындысы бойынша үндеуінде Ата заңға енетін реформалардың жайын мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұдан бөлек қандай тақырыптарды қозғады? Тілші материалынан көріңіз.

РКС: Президент Үндеуінде мемлекеттік аппарат жүйесін жаңғыртып, бюрократиядан түбегейлі бас тартуды қолға аламыз,- деді. Яғни, қоғамның талап-тілегіне жауап беретін озық мемлекет құратынын мәлімдеді. Бұл құқық қорғау мен сот жүйесіне де қатысты мәселе. Сондай-ақ, ұлттық құрылтай құру бастамасын да көтерді. 

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бабаларымыз маңызды мәселені алқалы жиында шешкен. Мен осы дәстүрді  жаңғыртып, Ұлттық құрылтай құру туралы бастама көтердім. Оған қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылады. Құрылтайдың алғашқы отырысы ұлт аясы Ұлытауда өткізіледі.

РКС: Бұдан бөлек азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқықтық жүйе қажет. Заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалар жойылуы тиіс.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Әрбір заңда бизнесті қорғау, іскерлікті қорғау сол арқылы жеке-меншікті қорғау жақсы жұмыс істесе азаматтарға жақсы болады. Себебі экономикадан түскен кіріс, алып жатқан әртүрлі халық шаруашыланып келетін табыстарымыздың бәрі қоғамда әділетті түрде бөлінеді. Халық сол түсіп жатқан байлыққа, еліміздің байлығына, жер асты байлықтарға, табиғи байлықтарға өзім де әділетті түрде үлесе алда деп есептеп отырмыз.

РКС: Бүкіл халықтық дауыс беруде Ата заңға енетін өзгерістерді халықтың басым көпшілігі қолдады. Енді тыңдаушы мемлекет саясатын ұстана отырып, билік халықпен етене жақын болуы тиіс. Мұны Президент те халыққа жолдаған Үндеуінде қадап айтты.

ӘСПЕТ КЕНЖЕҚАРА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...