ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

17:11, 5 маусым 2022

ЖҮРГІЗУШІ: Қазақстандықтарды үлкен өзгеріс күтіп тұр. Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін осылай деп мәлімдеді. Конституцияға өзгерістердің жалпыұлттық референдум арқылы енгізілу маңыздылығына тоқталды.

ЗКТ: Оқушылар сарайы. 59-ыншы участок. Президент елмен бірге келіп өз таңдауын жасады.

ШУМ:

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бүгін еліміз үшін, шын мәнінде, тарихи күн. Халқымыз бетбұрысты шешім қабылдамақ. Ешқандай мәжбүрлік жоқ. Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

ЗКТ: Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды алда үлкен өзгеріс күтіп тұрғанын айтты. Халықтың басым көпшілігі референдумда жақтап дауыс берсе, іргелі істер қолға алынады. Атқарылатын шаруа өте көп. Бірнеше заң өзгереді.  Алдымен мемлекет пен қоғам арасындағы қатынас жаңа рең алады. Адам құқықтары бірінші орынға шығады. 

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұл өте маңызды. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесі мүлде жаңа мағынаға, жаңа форматқа ие болып отыр. Бұл орган да біз үшін жаңа.

ЗКТ: Осыған дейін Ата заңға өзгерістерді Парламент қабылдап келсе, бұл жолы таңдауды халық жасап жатыр. Демек, мемлекеттің ең маңызды мәселелері халық талқысына шығарылып, ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік берілді. Мұның бәрі ел дамуы үшін жасалған қадам. Сонымен қатар, Тоқаев қаралы қаңтар оқиғасына да тоқталды. 

СНХ:ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: /аударма/

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...