ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: СӨЗДЕН ІСКЕ

20:14, 24 қараша 2021

ДК: Мемлекет басшысының Халыққа Жолдауында Қазақстан азаматтарының өмір сапасын жақсарту сұрақтары мен өңірлік саясаттың дамуының негізгі векторлары айқындалған. Президент әлеуметтік-экономикалық саланың дамуындағы теңгерімсіздіктің төмендеуіне басты назарды аударған болатын. 

РКС: Ұлттық даму жоспарының аясында азаматтардың өмір сапасын жақсарту бойәынша нақты 25 тапсырма анықталған. Үкімет пен өңір әкімдерінің алдында даму жоспарын жаңарту бойынша біршама міндеттер тұр.

Тайм-титр: 01.09.2021

СНХ: ҚАСЫМ – ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ПРЕЗИДЕНТІ:  Ең өзекті мәселе – жобалардың сметалық бағаларын жүйелі түрде жоғарылату болып тұр. Бұл, балабақша, мектеп сияқты аса ірі емес нысандарға да, ірі инфорқұрылымдық жобаларға да қатысты. Қолданыстағы нормативтік базаны және тәжірибені қысқа мерзімде қайта қарап шығу қажет. Үкімет пен есеп комитетіне 1-желтоқсанға дейін ұсыныс тастауды жүктеймін.

РКС: Қаржылық тұрақтылық және аудан тұрғындарының әл-ауқаты, бірінші кезекте, экономикалық әлеуеттің дамуына тікелей байланысты. Бұл ретте, өнеркәсіп секторының дамуы, қосымша инфестициялар тарту, жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін жаңа өндіріс ошақтарын ашу маңызды. Мәселе, биыл Біржан сал ауданында туристік саланың дамуына айтарлықтай көңіл бөлініп жатыр.

СНХ: ДОСТАНБЕК ЕСЖАНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру, денсаулық сақтау, жалпы барлық әлеуметтік салаларға басым бағыт берілген. Біздің туристік кластерді дамытуға басты назарымызды аударып жатырмыз. Айталық, биыл біз 3 жаңа нысан аштық. Шілде, тамыз айларында ауданымызға 3000нан астам турист келді. Келесі жылы туристік бағыттағы 3-4 нысан ашуды көздеп отырмыз.

РКС: Сондай-ақ, ауданның даму жолында кіші шағын бизнестің алар орны маңызды. Бүгінгі таңда, өңірде шағын және орта бизнес саласында 1100ден астам кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА,  МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...