ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

19:56, 7 тамыз 2020

ДК: Қорғалжын ауданындағы провизорлық стационарына «коронавирус» диагнозымен түскен соңғы сырқат емделіп шықты.  Берік Рыспаев індетті толық жеңді.   

РКС: Берік Қорғалжын провизорлық стационарына пневмония диагнозымен  түскен. Сонымен бірге одан COVID-19 вирусы да анықталған. Берік Рыспаев ұдайы қайырымдылық істің бел ортасынан табылатын. Ауруханаларды қажетті медициналық және өзге де құралдармен қамтамасыз етіп отырды.  Сырқатынан айығуға көмектескен дәрігерлерге алғысы шексіз. Шыбын жанын шүберекке түйіп, өзін, отбасын қатерге тіккен ақ халаттылардың еңбегі өлшеусіз, - дейді.  

СНХ: БЕРІК РЫСПАЕВ, ПАЦИЕНТ//(қазақша)

РКС: Аудандық аурухана жанындағы Қорғалжы стацинарында екі айда COVID-19 инфекциясын түрлі деңгейде жұқтырған 179 сырқат емделіп шықты. Корнавирустан көз жұмғандардың тіркелмегені қуантады. 8 дәрігер мен орта және кіші буындағы 64 қызметкер вируспен күресте күні-түні еңбек етті. Бүгінгі күні медициналық ұйым қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен және жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілді. Өкпені жасанды жолмен желдететін 2 аппарат, 13 оттегі концентраты, 30-дан астам 31 пульсоксиметр бар. Айта кетейік, олардың көпшілігі ауданның жомарт жандарының қайырымдылық көмегі есебінен сатып алынған.

СНХ: МАРАЛ АРХАБАЕВА, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ// Қазіргі таңда вирус жұқтырудың, жедел жәрдем көмегіне жүгінушілердің саны азайғанын көріп отырмыз. Қорғалжын ауданында да жағдай тұрақталып келеді. бүгінде бізде қуанышты жағдай, короновирустан емделген соңғы науқасты ауруханадан шығарып жатырмыз. //

РКС: Сонымен провизорлық стационар жабылып, жұмысын тоқтатты. Қажеттілік болған жағдайда, жедел іске қосылады. Дәрігерлер мұндай оқиға енді қайталанбайды деген үмітте. Денсаулықтың қадіріне жеткендейміз, - дейді ақ халаттылар.  

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...