
ДИКТОР: 5 маусымда маңызды саяси оқиға – референдум өтті. Ақмола облысында сайлаушылардың 73 проценті дауыс берді.
РКС: Ақмола облысында түрлі партиялардың өкілдері, сондай-ақ партияда жоқ бақылаушылар сайлау учаскелерінде болды. Референдумды өткізу барысында ірі заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Дауыс беруге келген әрбір адам жалпыхалықтық дауыс берудің маңыздылығын атап өтті.
СНХ: ЕРЖАН ЖАНДОСОВ - АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АППАРАТ ЖЕТЕКШІСІ: Жақында жалпы ел үшін аса маңызды саяси оқиға болғанын білесіздер, бұл еліміздің заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге арналған жалпыхалықтық референдум және сіз естігеніңіздей, бұқаралық ақпарат құралдарында біздің облыста ерекше белсенділік бар. Конституциямызға референдум арқылы енгізіліп жатқан өзгерістердің маңыздылығын түсіне отырып, азаматтарымыз еліміздің жарқын болашағы үшін, балаларының болашағы үшін жауапты. Жалпы бұл референдумда Конституциядағы өзгерістер қоғамның барлық саласын қамтитынын көреміз. Ең маңызды тұстарды Мемлекет басшысының бірнеше рет жолдаған жолдауларында айтқанын және жалпы бізді қуантқан ең бастысы – еліміздің жаңа бағыты – Жаңа Қазақстан екенін түсінеміз.
РКС: Конституциялық өзгерістер қоғамның барлық саласын қамтиды. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесі өзгеріп, парламенттің мәртебесі мен өкілеттігі артады. Бұл референдум – саяси реформаның, жаңа мемлекеттің қалыптасуының бастауы.
ДИНАРА СМАЙЫЛОВА, АЙГЕРИМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ДИДАР ӨМІРЗАҚ. КӨКШЕ АҚПАРАТ