
ДИКТОР: Есіл ауданының халқы да саяси науқанда белсенділік танытты. Аймақта 35 сайлау учаскесі жұмыс істеген.
РКС: Өңірде референдумға барлығы 16 мыңнан астам тұрғын қатысуға құқылы. Нөмір 425-ші учаскелік референдум комиссиясының мүшесі Юлия Палагняктың айтуынша, сайлаушылардың емін-еркін дауыс беруіне қолайлы жағдай толығымен қарастырылған.
СНХ: ЮЛИЯ ПАЛАГНЯК, № 425 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Референдумның тарихи маңызы зор. Есіл ауданының халқы да таңмен таласа сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасады.
РКС: Дауыс берген халықтың көңіл-күйі көтеріңкі болғанын айта кету керек. Әсіресе, егде жастағылар белсенді. Олар сайлау учаскесіне отбасымен бірге келіпті. Қастарына балалары мен немерелерін ерткендердің де саны қаншама. Өскелең ұрпақ мұндай саяси оқиғалардың бел ортасында болуы қажет. Ел болашағы-жастар,-дейді тұрғындар бірауыздан.
СНХ: КҮЛЖІБЕК АҚТАЕВА, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///қазақша/// Мен+скл+дауыс беруге келдім. Бұл менің азаматтық борышым. Еліміз тыныш, жеріміз аман болсын!
РКС: Сайлау учаскелері дауыс санауға кірісті. Ал Есіл ауданының тұрғындары бұл күннің тарих қойнауына енгенін айтады.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖАННА ТЕН, РАХАТ ЖҰМАБЕК, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»