ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

РЕФЕРЕНДУМ-2022: ЖАСТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ БОЛДЫ

20:22, 5 маусым 2022

ДК: Бүгін Қазақстан тарихында ел тұрғындары дауыс беруге қатысқан алғашқы референдум күні ретінде енеді. Барлық сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады.

РКС: Облыс тұрғындарының басым бөлігі белсенді азаматтық ұстанымды көрсетті. Қоғам қайраткерлері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, аға және жас ұрпақ дауыс беруден қалыс қалған жоқ. Ғалым Байтұқ бұл  референдум тарих бетінде қалатынын айтты.

СНХ: ҒАЛЫМ БАЙТҰҚ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:  Мен де өз таңдауымды жасадым. Ауа райы жақсы, кейбірі демалысқа кетті, бірақ бәрібір келіп, азаматтық борышын өтеді. Бұл тұста халықтың бірлігі аса маңызды. Бюллетеньді жәшікке тастау арқылы еліміздің саяси құрылымына өз үлесімізді қосып жатқанымызға қуаныштымын.

РКС: Жастар жағы да референдумға белсене қатысты. Солардың бірі Артур Бекболатов та биыл алғаш рет дауыс беріп отыр.

ИНТЕРШУМ: подарок

СНХ: АРТУР БЕКБОЛАТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Елімізге өркендеу, экономикалық өрлеу және бар жақсылықты тілеймін.

РКС: Нөмірі 9-шы учаскелік референдум комиссиясы төрайымының айтуынша, мұндай саяси науқан кезінде бақылаушылардың қатысуы міндетті.

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:  Бүгін «АМАНАТ» партиясынан 9-шы учаскелік референдумға бақылаушы ретінде қатыстым. Мұнда 2847 адам тіркелген. Бақылаушының жұмысы – сайлаушыларға қысым көрсетілмеуі, бюллетеньдердің ауыстырылмауын қадағалау. Бәрі ойдағыдай жүзеге асты. Ешқандай ауытқушылық байқалған жоқ.  

 

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...