ШҰҒЫЛ! «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН

19:30, 24 мамыр 2022

ДК: Парламент сенатының депутаттары ел ішін аралап, референдумға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүкілхалықтық дауыс беру күні 5 маусымда өтеді. Бұл жолы суперпрезиденттіктен бас тартып, Парламенттің ықпалын арттыруға уәде беріліп отыр. Бұдан өзге қандай өзгерістер орын алмақ? Тақырыптың жай-жапсары тілші материалында.

РКС: Билік пен бұқараның арасы бұл жолы бір табан жақындағалы тұр. Оны 5 маусымда өтетін референдум дәлелдейді. Халық заңға енетін өзгерістерді өзі белгілейді. Қазір депутаттар ел ішін аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Сенат депуттары жастармен кездесіп, бүкілхалықтық дауыс берудің мән-маңызына тоқталды.

СНХ: БАҚЫТЖАН ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Парламент пен Үкіметтің мүмкіндіктерін кеңейту. Халық осыны айтып жатыр. Өте дұрыс. Егер бұрын осындай баптар болғанда, мүмкін қателеріміз болмас еді. Қазір халықтың көзі ашық.

РКС: Егер халық жұдырықтай жұмылса, Конституцияның үштен бірі өзгереді. Жердің байлығы халықтың меншігіне өтеді. Президенттің туыстары билікке жақындамайды. Өлім жазасы толық жойылады. Мықты Парламент құрылады.

СНХ: НҰРЛАН БЕКЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Міндетті түрде сенуіміз керек,неге десеңіз, енді Президентті өзіміз сайладық. Ол кісі үлкен реформалар жүргізіп жатыр,сол реформалардың бәрі іске қосылуы үшін сенуіміз керек. Көп өзгерістер бар.

РКС: Әділетті қоғам. Халықпен ақылдасатын билік. Тыңдаушы мемлекет. Саяси жаңғырудың алғашқы процесі референдум болмақ. Бұл жолы  бұрынғыдай атүсті заңдар қабылданбайды. Жаңа Қазақстанның жаңа міндеті осы.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
20:20, 1 шілде 2022
ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
20:19, 1 шілде 2022
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:16, 30 маусым 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
 «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
19:31, 28 маусым 2022
«АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРА...
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
19:32, 28 маусым 2022
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...