ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

РЕФЕРЕНДУМ: ДАУЫС БЕРУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

13:30, 5 маусым 2022

ДК: Еліміз бойынша референдумға қатысуға 12 миллионға жуық дауыс беруші тіркелген. Ал Ақмола облысында 507 мың 477 адамның референдумға қатысуға құқығы бар. Бүкілхалықтық дауыс беру күнінде 18 жасқа толған әр азамат қатыса алады.

РКС: Референдум басталысымен-ақ, жұрт учаскелерге ағылып  жатыр. Білім саласында 20 жылдан астам еңбек атқан Төлеген Нұрғалиұлы да дауыс беруге келіпті. Айтуынша, бұл күн әрбір отбасы мүшесі үшін маңызды.

СНХ: ТӨЛЕГЕН ӘБІЛҒАЗЫ, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: 84-те жасым. Бүгін референдум болады дегесін, таңертең ерте тұрып осында келдім. Референдум болғанын жақсы көріп отырмыз. Отбасым бәрі түгел біледі. Келуге тиісті бәрі.  Кемпірім аяғынан жүре алмайды. Оған енді үйге келеді деген. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын.

РКС: Белгілі боксшы, білікті бапкер Мереке Жүсіпов те нөмірі 9-шы учаскеге келіп дауыс берді.

СНХ: МЕРЕКЕ ЖҮСІПОВ, БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: Бүгін Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны референдумға қатысу арқылы азаматтық борышын орындауға тиіс. Мен де бүгін дауыс беруге келдім.

РКС: Айта кетейік, аймақта 507 мың 477 адамның дауыс беру құқығына ие. Ресми мәлімет бойынша, Ақмола облысында 718 учаске бар. Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар