ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

РЕФЕРЕНДУМДА ХАЛЫҚ ДАУСЫ ШЕШУШІ РӨЛ АТҚАРДЫ

18:34, 8 маусым 2022

ДК: Референдум қорытындысы бойынша халықтың басым көпшілігі қолдаған конституциялық өзгерістер күшіне енді. Жалпыхалықтық дауыс беруге 8 миллионға жуық ел азаматы қатысты. Бұл референдумға қатысуға құқы бар тұрғындардың 68 пайызы. Олардың 77 проценті қолдап, дауыс берді.

 

РКС: Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Мемлекет басшысы кешегі референдумнан кейінгі үндеуінде осылай деді.

СНХ:ЕЛЕНА МАЩИНСКАЯ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:  Біз бәріміз еліміздегі саяси оқиғаның куәсі болдық. Депутаттар, облыстық штаб мүшелері белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.+скл+Бірақ бұл тек бастамасы ғана. Мені бір қуантарлығы халықтың жаңа Қазақстан мен бірге жаңарып,басқаша бағытта  өзгеруі. Біз болашақ даму жолымызды бүкіл ел болып бірлесе білдік. Бұл қадам ел ертеңі үшін әрбір азаматтың ой-пікірінің қаншалықты  маңызды екенін, жаңа мемлекет құруда өзінің де үлес салмағы барын сезінуге мүмкіндік берді. Сондықтан ортақ ұмтылысымыздың нәтижелі болатынына еш күмән жоқ.

 

СНХ: БАУЫРЖАН ЫБЫРАЕВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ  БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Елімізде саяси мәні зор  оқиға болды. Жаңа кезеңге қадам бастық. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Жалпыхалықтық референдум халыққа тең мүмкіндіктер берді.Менде сол бақылау учаскісінде бақылаушы болдым. Халық белсенділік танытты.

 

РКС: Негізгі мақсат – азаматтардың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету. Әрбір азаматымыз саяси өзгерістер мен экономикалық өсімнің жемісін көруі қажет,–деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...