ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

РЕФЕРЕНДУМДА ЗЕРЕНДІЛІКТЕР БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУДА

13:30, 5 маусым 2022

ДК: Зеренді ауданында 68 сайлау учаскесі бар. Солардың ішінде 1-уі жабық дауыс беру учаскесі. Аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрайымы Зейнегүл Қазиақпарованың айтуынша зеренділіктердің белсенділігі жақсы, халықтың басым көпшілігі түске дейін өз таңдауын жасаған.   

РКС: Бұл Зерендідегі 554-ші сайлау учаскесі. Бұл жерде 1 мыңнан аса дауыс беруші тіркелген. Түскі уақытқа дейін дауыс берушілердің жартысына жуығы келіп, өз таңдауын жасап үлгерді.   

СНХ: ЗЕЙНЕГҮЛ ҚАЗИАҚПАРОВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Жалпы аудан бойынша келушілер белсенділігі жақсы. Алғаш рет келіп, өз таңдауын жасап жатқан, яғни 18-ге енді толғандарға  естелік сыйлық берілуде. Кешкі 8-ге дейін әлі уақыт бар, зеренділіктер әлі де белсенділік танытып, өз таңдауларын жасайтынына сенімдіміз.  

РКС: Жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауын жасау әр қазақстандықтың азаматтық борышы,- дейді зеренділік тұрғындар.    

СНХ: СЕРІК ЕЛКЕНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  Бүгін Қазақстанымыздың үлкен референдумы, келіп дауыс беріп жатырмыз. Бәріміз қуанып жатырмыз. Еліміз тыныш болсын.

СНХ: ТАЗАБИКЕ ҚАЛИМАҒАМБЕТОВА, ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ /Мен зейнеткермін, жасым 80-де. референдумға дауыс беруге келе жатырмын. бүгін дауыс беруге арнайы келе жатырмын. Жанымда қызым бар міне. Елімізге тыныштық, бірлік тілейміз. мал жан аман болсын./

М.АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...