ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

РЕФЕРЕНДУМҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ХАЛЫҚҚА ТҮСІНДІРІЛУДЕ...

20:30, 13 мамыр 2022

ДК: Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары  референдумға енгізілген өзгерістерді халыққа түсіндіру жұмыстарын бастады. «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері  - Асқарбек Үйсімбаев,  Юлия Кучинская, Мәди Елубаев Бурабай ауданындағы сүт-тауарлы фермасының еңбек ұжымымен кездесті.

РКС:  Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізілмек, бұл 50-ден аса түзетулер деген сөз. Яғни, елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды. Егер олар қабылданса, еліміз өзінің саяси дамуының келесі деңгейіне өтеді. Өйткені, реформа отандық құқықтық, партиялық жүйені, мемлекеттік билік бөлінісінің принципін өзгертеді.

СНХ: АСҚАРБЕК ҮЙСІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ 5-маусымда ҚР Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жарлығына қол қойды. Бүкілхалықтық референдум өткізуге. Сондықтан барлық 107 депутат аймақтарға шығып, осы үгіт-насихат түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. ///01.22-01.31/// Бүгінгі біздің келіп отырған себебіміз осы референдумды түсіндіріп, бүкілхалықтық референдумға қатысуға халықты шақыру.

РКС: Суперпрезиденттік республикадан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға көшетін боламыз. Бұл азаматтардың иглігі үшін жасалып жатқандықтан, қоғам белсенділік танытуы тиіс. Мәжіліс депутаты Асқарбек Үйсімбаев 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін. Сәйкесінше, еліміздің біршама маңызды салаларында өзгеріс болады,-дейді. Халық қалаулыларын мұқият тыңдаған ауылдықтар Президенттің реформалары елдің дамуына оңтайлы ықпалы тиетініне сенімдерін бар екенін білдіре отыра, референдумның өтуін қолдайтындықтарын танытты.

СНХ: БЕЙСЕНБАЙ АХМЕТОВ, ФЕРМАНЫҢ МАЛ ДӘРІГЕРІ:  «Бізге Жаңа Қазақстанды  қайтсек құра алатынымыз жөнінде жақсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Соны біз қолдаймыз. Президентіміздің Жаңа Қазақстан құрайықдеген Жолдауын оқыдық, Президентті қолдаймыз. Тек  ауылға көбірек көңіл бөлінсе дейміз. Біз міне, шағын болса да осы шаруашылық ұжымымен Президенттің бастамасын қолдаймыз. Референдумға ұжым болып қатысамыз деп отырмыз.

РКС: Халық қалаулылары сүт–тауарлы ферманың жұмысымен танысты. Айта кетейік, Бурабай ауданында мал шаруашылығы жақсы дамып келеді. Әсіресе, шаруалар өндіріске бет бұруда. Мәселен, сүт-тауарлы фермасы сүт өндірісін іске қосу мақсатында Чехиядан 93 асыл тұқымды (симменталь) ірі қараны сатып алған. Бүгінде мұнда күніне 1 мың тонна сүт сауылады.

СНХ: ИРИНА ШЕХТЕЛЬ, ҰРЫМҚАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Референдум өткізу маңызды. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халық қабылдағаны дұрыс. Сондықтан мен референдум қатысамын. Ауыл тұрғындарының пікірі де осы. Бүгін депутаттар нақты қандай өзгерістер болатынын айтып берді. Енді өзара да талқылаймыз.  

 

РКС: Халық қалаулыларымен жүздескен ауылдықтар зейнеткерлік жасын  төмендету бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, шабындық және жайылымдық жер мәселесін көтерді. Жалпы, референдумды қолдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мәжілісмендер Ақмола облысының барлық аудандарында болып, тіпті шалғай ауылдардың тұрғындарымен жүздесуді жоспарлауда. Іс-сапарлар маусымның 3-іне дейін жалғаспақ.

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕРІКЖАН ЖҰМАБЕК, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
18:38, 26 мамыр 2022
АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
18:37, 26 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВА...
Толығырақ...
 БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
18:35, 26 мамыр 2022
БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ТАПШЫ
20:40, 20 мамыр 2022
ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАН...
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:38, 20 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:42, 20 мамыр 2022
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛ...
Толығырақ...