ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

РЕФЕРЕНДУМНЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

20:18, 6 маусым 2022

ДК: Референдумның алдын ала қорытындылары белгілі. Облыс бойынша дауыс бергендер саны бойынша республика облыстарының арасында 7-ші орында. Қоғам қайраткерлері, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, аға және жас ұрпақ өз дауыстарын бере отырып, белсенді азаматтық ұстаным танытты. Сайлаушылардың көпшілігі түзетулер үшін дауыс берді.

СНХ: СҰЛТАНБЕК БЕКЕШЕВ, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің елімізде маңызды саяси оқиға ол референдумның өтуі. Менің ойымша, біздің елімізде үлкен ауқымды өзгерістер орын алады. Жалпы, бұл біздің халқымыздың саяси белсенділігін тексеру болды деп санаймын. Дауыс берушілер белсенділіктерін танытты.Нәтижесі жақсы. Ақмола облысында 73 пайыз дауыс берді.

РКС: Республикада жүргізіліп жатқан саяси науқандардан шет қалмау әрбір қазақстандықтың борышы. Байқаушылардың айтуынша, халықтың 80% - іне референдум туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

СНХ: СҰЛТАНБЕК БЕКЕШЕВ, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  Ақмола облысында сайлау учаскелерінде түрлі партиялардың өкілдері, сондай-ақ партиялық емес бақылаушылар қатысты. Жалпы заң бұзылушылықтар тіркелген жоқ. Бірақ есептен шығару талондары бойынша сұрақтары болды. Заңға сәйкес, олар босату талонын алдын-ала алуы керек еді.

РКС:Жалпы, ел бойынша 7 миллион 986 мың 293 адам дауыс берді. Бұл халықтың 68,06%. Ресми деректер бойынша, мәселенің оң шешілуіне дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірлерінде 77,18% - ды құрайды.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА,МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...