ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

РЕЙХСТАГҚА ТУ ТІГІЛГЕН КҮН

13:48, 30 сәуір 2021

ДК: 30 сәуір - Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіккен күн. Тарихи оқиға 1945 жылы дәл осы күні лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатовтың қатысуымен орын алған еді. Ерлігі уақытында еленбеген қазақ батырын бүгінде ұрпақтары мақтанышпен еске алады.

РКС: Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына бірнеше күн қалғанда тарихты түбегейлі өзгерткен Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Гитлердің үйінен Рейхстагқа дейін 350 метрді жүріп өткен. Қардай бораған оқтың арасынан еңбектеп 7 жарым сағатта діттеген жерге жеткен.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ///қаз// Бұл өлiмге бастарын тiккенмен бiрдей iс екенiне ешкiмнiң де таласы бола қоймас. Содан кейiн-ақ, немiстердiң мысы басылып, ендiгi қарсыласу ешқандай да ақылға сыймайтынын түсiнсе керек. Кеңес Үкiметiнiң басшылары бұл соғысты Ұлы Отан соғысы деп жариялады. Барлық ұлтты сол Отанды қорғау үшiн күреске шақырды. Отан бiреу деген ұғымды саналарына сiңiрдi. Қазақтар да сол үшiн жан аямай шайқасты.

РКС: Америкалық «New York Times» газеті 1945 жылдың 1 мамыр күнгі санында "Кеңес қызыл туы Рейхстаг үстінде желбіреді" деген тақырыпта хабар жариялады. Мақаладағы тұжырымдамада:  150-ші Идрицк дивизиясының лейтенанты Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатов 30-сәуір күні сағат 15-00 шамасында халық туын, екіншісін басқа бөлімнің барлаушылары Егоров пен Кантария 1 мамырда сәске түсте Ставка туын тікті»,- деп жазылған. Алайда солақай саясаттың салқыны ерлікті уақытында ескермеді.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ХАЙРОЛЛА, ТАРИХШЫ///қаз///   Ерлігін мойындамаудың себебі- бірі ұлтына байланысты болды. Сталиннің кезі. Ал ол кезде мойындамақ түгілі, бас көтеру қиын болды. Екіншісі Рақымжан Қошқарбаевтың әкесі халық жауы деп танылған. Сол себепті де болуы мүмкін. Бірақ қазір оның бізге қажеті де жоқ деп ойлаймын. Рақымжан атамыздың ерлігін әлем біледі. Оның үстіне Тәуелсіз еліміз мойныдап та үлгерді. Оның енді ерлігін естен шығармас үшін көркем фильмдер түсіруіміз керек. Ендігі міндет сол бізде.

РКС: Қошқарбаевтың осынау ерлігін алғаш болып әлемге әйгілеген мемлекет қайраткері, жазушы Кәкімжан Қазыбаев болатын. Ол Бауыржан Момышұлының тапсырмасымен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі лайықты бағасын алуы үшін көп еңбектеніп, көп ізденді. Қазақ жауынгерінің дәл сол сәттегі әрекетін дәлелдейтін жүзден астам құжатты тауып, көтеріп, шетелдік басылымдарда да жариялануына түрткі болды. Рақымжан Қошқарбаев – Ақмола облысының құрметті азаматы, қазақтың аяулы ұлы. Батырдың ерлігі уақытында ескерілмесе де, 1999 жылы мамырдың 7-сінде еліміздің сол кездегі Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...