
ДК: Биыл республикалық маңызы бар 200 шақырым жол жөндеуден өтпек. Ақмола облысы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 7,5 мың шақырымнан асады. Соның 2 мыңы – республикадық маңызы бар жол. Тақырыпты әріптесім Ерзат Смағұлов тарқатады.
РКС: «Алматы-Екатеринбург» халықаралық трассасына жататын «Жақсы-Чистополье» автожолын жөндеу жұмыстары былтырғы жылдың жазында басталған. Ол үшін бюджеттен 15 миллиард теңге бөлінді. Барлығы 58 шақырым жол жөнделуі тиіс. Жоспарға сәйкес, 2023 жылы пайдалануға беріледі.
СНХ: НҰРБЕК ТЕМІРХАНОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Келесі жылы Нұр-сұлтан — Қостанай және Нұр-сұлтан — Көкшетау бағыттары бойынша жол учаскілерін жөндейміз. Қостанайға 208, Солтүстік Қазақстан облысына баратын 37 шақырым жолды да жоспарға енгіземіз.
РКС: Жалпы алғанда биыл республикалық маңызы бар 200 шақырым жол жөндеу көрмек. Әсіресе Атбасар-Нұрсұлтан, Атбасар-Балкашино автожолдарының сапасына шағым көп.
СНХ: НҰРЖАН ТЕМІРХАНОВ, ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Орталықта автомобиль жолдарының сапасын 5 кезеңмен тексеруді жүзеге асыруда. Тапсырыс берушілер бірінші кезекте сапаны өздері тексереді. Екіншіден, мердігерлер де жол жұмыстарының сапасын тексеруде. Мердігерде ол үшін зертхана, арнайы техникалық қамтамасыз ету болуы тиіс. Олар жолдың әр метріне жауап береді. Төртінші кезең-авторлық қадағалауды тексеру, ал соңында біздің филиал тексереді. Біз әр нысанды 5-6 рет тексереміз.
РКС: Өткен жылы республикалық автожолдарды күтіп ұстау үшін мемлекеттен 3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.
ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ