ШҰҒЫЛ! МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАМБЫЛ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

13:10, 22 ақпан 2021

ДК: Халықтан шыққан дана ақын. Дәл осындай атаумен  жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай  республикалық мәнерлеп оқу сайысы өтті. Онлайн форматта ұйымдастырылған бәсекеге еліміздің әр қиырынан 30-дан астам үміткер қатысты.

РКС: Бұл байқауға қатысқан үміткерлердің бірі  -  Ерасыл Жанғали. Ол  Ақтау қаласының тумасы. Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде білім алады. Ерасыл осы байқауға тыңғылықты дайындалған. Нәтижесінде жүлделі екініші орынды иеленді.

СНХ: ЕРАСЫЛ ЖАНҒАЛИ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ/// қаз///Онлайн форматта қиын болды. Бірақ, барымды салып дайындалдым. Мен осы байқауда Жамбыл атамыздың «Отанды сүй» өлеңін оқыдым.+скл++Өте қуаныштымын. Жүлделі орын алғаныма.

РКС:Сайыс ережесіне сәйкес қатысушылар Жамбыл Жабаевтың кез-келген бір туындысын оқып, оған бейнеролик дайындаған. Яғни, қазылар алқасы үміткерлердің өнерін оқу мәнері мен бейнероликтің сапасына қарай бағалады. Республикалық байқауға мұрындық болған қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің қызметкерлері жыр алыбының мерей тойына орай көптеген шаралар өткізуді көздеп отыр.  

СНХ: АЙНҰР ТҰРСЫНБЕК, ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ӘДІСКЕРІ///Атап айтсам, Алматы қаласы жасөспірімдер кітапханасымен семинар, Тараз қаласымен онлай, одан бөлек жыр марафондары, челлендждер ұйымдастырылуда. +скл+ Ал, республикалық осы байқауға көптеген жас өрендер қатысты. Әсіресе, Семей өңірінің жастары белсенділік таныта білді.

РКС: Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені көкшетаулық  Меруерт Жеңісова жеңіп алды. Ал, екінші орын ақтаулық Ерасыл Жанғалидің еншісінде. Жүлделі үшінші орынға жерлесіміз, №21 мектептің 8 оқушысы Альбина Колядина ие болды. Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:30, 23 ақпан 2021
ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
18:24, 24 ақпан 2021
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...