ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР» СЛЕТІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

20:16, 1 шілде 2022

ДК: Республикалық «Жас құтқарушылар» слетінің жеңімпаздары марапатталды. 17 команда арасында тартысты өткен жарыста жеңіске жеткендер ұлттық жас құтқарушылар құрамасының сапына қабылданады.

 

РКС:Іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жан–жақты дайындау. Елімізде өрт-құтқару спортына белсене қатысатын,  оқыс жағдайларда зардап шеккендерге көмек қолын созатын жастардың қатары көбейіп келеді. Мұндай байқаулар төтенше жағдай қызметінің болашақ мамандарын іріктеп алуға да көмектеседі–дейді ұйымдастырушылар.

 

СНХ:СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Командалар өздерінің жан-жақты дайындықтарын көрсетті. Киім формалары да тамаша.+скл+Белсенді қатысқаны үшін барлық жас құтқарушыларға алғысымды айтамын. Оқушылар өздерінің отансүйгіш, патриот екендерін тағы бір мәрте дәлелдей білді. Еліміздің аспаны әрқашан ашық болсын.

РКС: Жас құтқарушылар өздеріне тағайындалған тәлімгерлерінен үйренген бар қарым-қабілеттерін ортаға салып, кәсіби дағдыларын көпшілік алдында көрсетті. Ақтөбе облысынан келген жасөспірімдер сайысқа үлкен дайындықпен келген.

 

СНХ:БЕКЗАТ ҚАЙРЫСХАНОВ, СЛЕТКЕ ҚАТЫСУШЫ/Ақтөбе облысы:  Жарыс тартысты өтті. Біздің нәтижеміз жаман емес.+скл+Болашақта осы академияға оқуға түскім келеді. Менің арманым құтқарушы болу.

РКС:Жалпыкомандалық есепте 1 орынды Нұр-Сұлтан қаласынан келген құтқарушылар еншіледі. Екінші орынды Ақтөбе құрамасы, ал Ақмола командасы үшінші жүлдені місе тұтты. Байқауда үздік атанғандар арнайы кубокпен, Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен  марапатталды.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...