ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: 4 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

17:43, 12 сәуір 2021

ДИКТОР: Осыдан тура 4 жыл бұрын 12 сәуірде Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялады. Ұлттық кодты сақтай отырып, әлем елдерімен бәсекеге қабілетті қоғам құру – бағдарламаның басты мақсаты еді. Жоба жүзеге асқан 4 жылда қандай жетістіктерге қол жетті? Тілшіміз Айсәуле Съезбек тарқатсын.

РКС:. Мемлекет өшкенімізді еске алып, ұлттық құндылықтарымызды түгендеуді  басты  идеология етіп жариялағынына 4 жыл толды. Осы уақыт аралығында 6 бағыттағы 18 арнайы жобаға 3 миллионнан астам ақмолалық атсалысып, 13 мыңдай іс-шара атқарылыпты. Облыста белсенді жүзеге асқан жоба - «Туған жер» арнайы тармағы.  Оған  2 мыңға жуық жергілікті меценат үлес қосыпты. 

СНХ: АРХАТ АЙБАБИН, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ АРНАЙЫ ЖОБАЛАР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: /ҚАЗ/  +01:26 Және де осы арнайы жоба ішінде облыс бойынша 20 млрд. теңгеден астам қаражат құйылды. Бұл қаржы -  бюджеттен емес, бизнесмен, меценаттардың өздерінің туған ел-жерлеріне деген ыстық ықластарын білдіріп жұмсаған жеке қаржылары. Нәтижесінде көптеген мәдениет, спорттық нысандар бой көтерді.

РКС: Ал жалпы ел бойынша меценаттар әлеуметтік нысандарға 280 млрд теңге құйған. Жоба аясында 253 туристік нысан әзірленіп, ақмолалық 10 мың бала еліміздің тарихи жерлеріне саяхаттауға мүмкіндік алды. Әлемнің озық білімін қазақ жастарына қолжетімді ету мақсатымен «Үздік  100 оқулық» қазақшаға аударылды. Төл тарихымыздың тереңдігін танытатын «Алтын адам» әлемнің 26 еліндегі музейлерді аралады.

СНХ: АРХАТ АЙБАБИН, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ АРНАЙЫ ЖОБАЛАР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: /ҚАЗ/ 06:02 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының республикада арнайы комиссиясы бар. Сол комиссия шешімімен бүгінгі таңда бағдарлама «Ұлттық жаңғыру» кезеңіне өту жөнінде шешім қабылданды. Республикада бағдарлама бойынша жол картасы қабылданды.

РКС: Иә, рухани жаңғыру бір күннің де, бір жылдың да жұмысы емес. Жобаның ендігі 3 жылдық кезеңіне жоспар бекіген. Биыл бұл бағытта әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастыру үшін 8 млн. теңге қарастырылыпты.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...