ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

САБАНТОЙ-БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ

20:05, 20 маусым 2022

ДИКТОР: Өңірде татар-башқұрт халқының дәстүрлі «Сабантой» мерекесі аталып өтті.  Мейірім мен қуанышқа толы, жарқын сезімге бөлейтін мейрам биыл да ерекше салтанатпен тойланды. Тойға жиналған халық бір-бірін қуана құттықтап, елімізге бірлік  мен береке тіледі.

ИНТЕРШУМ: Би

РКС: Жыл сайын кең көлемде атап өтілетін сабантой мерекесінің тарихы тым тереңде жатыр.  Жер емген еңбекшіл жұрт көктемгі егіс науқанының аяқталуын осындай ойын-сауыққа ұластыруды дәстүрге айналдырған. Оны тойлаудың астарында егіс бітік шықсын, жиын-терін мол болсын деген халықтың ақ тілегі мен арман мұраты жатыр.

СНХ: РАФАИЛ СУЛЬКАРНАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАТАР-БАШҚҰРТ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Сабантуй в первую очередь это праздник труда,  мира и добра. Мы все живем под единым казасхким шаныраком. И поэтому этот праздник мы все отмечаем вместе.  +cкл+ На этот праздник к нам приехали из города Нурсултан, Степногорск, Петропавлск. Мы рады их встретить. /// Сабантой еңбек, ынтымақтастық пен мейірім мерекесі. Бұл мейрамды бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдері тойлауды дәстүрге айналдырған. Шараға  Нұр-Сұлтан, Степногорск, Петропавл қалаларынан қонақтар келді. Біз оларды қуана қарсы алып жатырмыз.

РКС: Сабантойды атап өтуге жиналған халықтың қарасы қалың. Бүгінде мерейлі мереке тек татар-башқұрт халықтарының ұлттық мерекесі ғана емес, қазақ елінде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ мейрамына айналған қызықты думан.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  Біздің елімізде көптеген этнос тұрады. Облысымызда мекендейтін татар-башқұрт этносының саны 15 мыңнан асады. Сабантой олардың ұлттық мерекесі. +cкл+ Жақында ғана елімізде құрылтай өтті. Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елде тұрып жатқан барлық этностардың тең екенін, ешкімнің де өзінің ұлтына, нәсіліне қарай бөлінбейтінін, оны барлығы Конституцияда да жазылғанын атап өтті. Бұл халықтар достығының мерекесі. Бәріміз қазақ елінің халқымыз. 

РКС: Шараға Қазан қаласынан арнайы келген танымал әнші Ильвира Хаммитова жиналғандарға Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың сәлем хатын жеткізді. 

СНХ:ИЛЬВИРА ХАММИТОВА, ӘНШІ (ТАТАРСТАН): Бұл мереке ежелден тойланып келе жатыр. Оны  татар-башқұрт жұрты ғана емес, барлығы асыға күтеді. Бұл түрлі ұлт өкілдерін еңбек пен бірлікке, достыққа үндейтін керемет мереке. Міне, мен де Көкше жұртына әсем ән сыйлау үшін сонау Татарстаннан келіп отырмын.

ИНТЕРШУМ: Ильвира Хаммитованың әні

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...