ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

САҒАТЫНА 200 ЖОЛАУШЫ. ӘУЕЖАЙ ӘЛЕУЕТІ

14:33, 25 ақпан 2021

ДИКТОР: 1976 жылдың ақпанында Көкшетауда аэровокзал ашылды. Аэропорт 1945 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына әзірліке аясында нысанға күрделі жөндеу жүргізілген. Аэропорт жанындағы көлік тұрағы мен қонақүй қалыпқа келтіріліп, жаңа асфальт төселген.  

РКС: 1972 жылы Кеңестер Одағы коммунистік партиясының бас хатшысы Леонид Брежнев Көкшетауда жаңа ұшу-қону жолағының тұсауын кесті. Алғаш  Алматы – Көкшетау - Мәскеу бағытында әуе қатынасы басталды.  Қазіргі таңда Көкшетау әуежайы халықаралық деңгейге сай жабдықталған. Мұнда кеден және паспорттық бақылау пункті орналасқан. Ұшу жолағына жасалған реконструкция халықаралық стандарттың бірінші категориясына сай барлық салмақтағы ұшақтарға ұшып-қонуға мүмкіндік береді.

СНХ: АЙБЕК КЕТЕБАЕВ - «АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» - «КӨКШЕТАУ ӘУЕЖАЙЫ» АҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ///рус/// 1972 жылы терминал іске қосылып, сағатына 150 жолаушыға қызмет көрсетті. Ұшу жолғының ұзындығы  2 650 метр. Мемлекеттік бағдарлама аясында нысанды күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен қаржы бөлінді. Қазір сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсетудеміз.  

РКС: Мұндағы әуе қатынастары негізінен ел ішіндегі бағыттарды қамтиды.  

СНХ: АЙБЕК КЕТЕБАЕВ, «АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» - «КӨКШЕТАУ ӘУЕЖАЙЫ» АҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ///рус/// Жөндеу жұмыстары аясында ұшу жолғы ұзартылды. Әуе көліктеріне арналған 8 тұрақ жасақталып, нысан жолаушыларға арналған телескопиялық траппен қамтамасыз етілді.  Қазіргі таңда әуежай екі бағыт бойынша Ақтау-Көкшетау және Алматы-Көкшетау бағыттарында қызмет көрсетуде. Жолаушылар ағыны артқан кезеңде өзге бағыттар бойынша ұшуды қайта жандандырамыз. Әуе маршруттарын көбейтуге күш салудамыз. Көкшетау мен Бурабай өңірінің туристік тартымдылығын ұтымды пайдалану керек.  

РКС: Карантин талаптары әуе қатынасы саласына елеулі ықпал етті. Бір жылда әуежай 17 мың жолаушыға қызмет көрсеткен. Мамандар жаңа бағыт ашудың бірқатар қиындықтары барын айтады. Мұндағы ұшақтар түрлі әуе компанияларына тиесілі. Әуежайдың өз ұшақ паркі жоқ. Сәйкесінше, әуе көліктерінің техникалық қауіпсіздгі де тасымалдаушы компанияның жауапкершілігінде.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ. МУСЛИМА АСХАТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...