ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ Толығырақ

САЙЛАУДЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫ МӘЛІМ БОЛДЫ

19:33, 11 қаңтар 2021

ДК: Ақмола облысындағы сайлау науқанының алдын ала қорытындысы белгілі болды. Өңір тұрғындарының 73 процентке жуығы сайлауға қатысқан. Облыстық мәслихаттың 32  мандатына 4 саяси партия өз үміткерлерін ұсынған еді. Брифинг барысында өңірлік сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов облыстық мәслихат сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады.

РКС:  Облыстық мәслихат сайлауында 4 партия саяси тартысқа түскен. Сайлау науқанында 370 мың 760 ақмолалық өз азаматтық таңдауын жасады. Бұл өңірдегі дауыс беру құқығы бар сайлаушылардың 72,8 проценті. Саяси науқанның алдын ала қорытындысы бойынша 7039 бюллетень жарамсыз деп танылды.

СНХ: МАНАРБЕК СӘДУОВ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ///АУДАРМА/// Облыстық мәслихат сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша "Нұр Отан" партиясына 275 мың 414 адам дауыс берген. Бұл сайлаушылардың 75 проценті. "Ауыл" халықтық демократиялық партиясына 32 365 ақмолалық дауыс берді. Бұл  8,9 процент. "Ақжол" демократиялық партиясына 39 398 сайлаушы дауыс беріп, олар 8,91 процентке ие болды. "Адал" саяси партиясына 23 544 сайлаушы сенім білдірген. Бұл 6,47 процентке тең.

РКС: Ресми қорытынды алдағы екі күн ішінде белгілі болмақ. Қазір орталық сайлау комиссиясы әр өңірден келіп түскен сайлау хаттамаларының талапқа сай болуын тексеруде. Өткен сайлау науқанында тұрғылықты мекен жайы бойынша дауыс беруге өтініш білдірген ақмолалықтар саны 5781 адамды құраған. Олардың басым бөлігі қариялар.

СНХ: МАНАРБЕК СӘДУОВ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ///ҚАЗАҚША/// «Ковид-19» індетіне байланысты қарт адамдарға, ауыратын адамдарға, мүгедектерге тиісті арыз жазып, сайлау комиссиясы үйге шақырыңыздар деп кеңес бердік. Бұл ретте 65 жастан асқан зейнеткерлердің ауру жұқтырудан қауіптенуіне байланысты үйден дауыс бергендер саны артты. Бұл өтінішті жазу денсаулық жағдайы нашар, өздігінен жүріп тұруға қауқарсыз адамдардың жеке құқығы. Өңірде дауыс берген ең қарт азамат 1916 жылғы кейуана екен.  

РКС: Облыс аумағында 722 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның 24-і індет таралуын болдырмау мақсатында уақытша құрылып, ауруханаларда, тергеу изоляторларында, әскери бөлімдерде  қызмет атқарды.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕКТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР
15:04, 5 наурыз 2021
ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР
Толығырақ...
БҮГІН – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ
15:02, 5 наурыз 2021
БҮГІН – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ
17:48, 26 ақпан 2021
МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...