ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ЖОБАЛАР

14:46, 11 маусым 2021

ДК: Бизнес жүргізуді жеңілдету және көлеңкелі тауар айналымына тосқауыл болу мақсатында мемлекеттік кірістер органдары бірқатар іс-шаралар кешенін қолға алған. Биыл Қазақстан аумағында тауарға ілеспе жүк құжатын рәсімдеу талабы енгізілді. Бұл контрафактілі тауарлардың нарыққа енуіне жол бермейді. Осылайша, танымал брендтердің жалған көшірмесін саудалау тыйылады.    

РКС: 2021 жылдың 16 қаңтарынан бастап ел аумағында тауарларға ілеспе жүк құжатын рәсімдеу бойынша пилоттық жоба бастау алған еді. Оның мақсаты, бизнесін адал жүргізбеген салық төлеушілерді көлеңкелі экономикадан шығару. Өйткені, тауарларға ілеспе жүк құжаты оны өндіруден бастап соңғы тұтынушыға дейінгі тізбекті бақылауға мүмкіндік береді.

СНХ: ҚАЛАМҚАС АХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ АКЦИЗДЕРДІ ӘКІМШІЛЕНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ///каз/// Осыған орай, пилоттық жобаның нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер комитеті тауарға арналған ілеспе жүк құжаттарын енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру ережелеріне түзетулер енгізді. Атап айтқанда, пилоттық жобаны іске асыру мерзімі ұзартылды. Аксизделетін тауарларға пилоттың мерзімі 2021 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды. Эуразиялық экономикалық одақтан келетін импорт пен экспортқа пилоттық жоба 202 жылдың 1 қазанына, ал виртуалды қойма тауарлары үшін 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды.

РКС: Мемлекеттік органдар пилоттық жобаны жүзеге асыру кезеңінде айыппұл қолданбайды. Бұл кәсіпкерлердің жаңа құжат үлгісін толық меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлердің өз ісін жүргізуіне қолайлы жағдай ұсынуды көздейді осы мақсатта. «Е-салық-бизнес» мобильді қосымшасы әзірленген.

СНХ: НАЗГҮЛ АЮПОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ///аударма/// «Е-салық-бизнес» мобильді қосымшасы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге немесе бұрын ашылған жеке кәсіпкерлік куәлігін жабуға, салық есебін тапсыруға мүмкіндік ұсынады. Сондай-ақ, қосымша арқылы онлайн режимде салық режимін таңдауға немесе ауыстыруға, чек беруге, салық төлеуге, қажетті анықтама, хабарлама алуға болады.

РКС: «Е-салық-бизнес» пилоттық режимде шілде айында қолданысқа енгізіледі деп жоспарланған. Бұған дейін барша ел тұрғындарына жылжымайтын мүлік пен көлік салығын төлеуге мүмкіндік беретін «Е-салық-азамат» қосымшасы жасалған еді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...