ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

САНИТАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ

21:39, 19 қазан 2021

ДИКТОР: Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау адам өмірінің барлық саласын қамтиды. Ал, эпидемиологиялық қызмет денсаулық сақтау жүйесіндегі басым бағыттардың бірі. Бұл сала еліміз тәуелсіздік алғалы қалй дамып келеді? Соңғы жылдары ел мен әлемді жалмаған пандемия санитарлық қызметке қалай әсер етті? Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Депатаментінің жұмысы жайлы келі бейнематериалда.  

РКС: Қазақстандағы санэпид қызметтің құрылу тарихы елдің денсаулық сақтау саласының дамуына тікелей байланысты. Қиын қыстау заманда бой көтерген медициналық ьнысандардың бірі Қызылордадағы облыстық санитарлық-бактериологиялық институт. 1927 жылы республиканың санитарлық органдарын бекіту туралы жарлық шыққан болатын. Дәл осы кез санитарлық-эпидемилогиялық қызметтің құрылған уақыты деп есептеледі.   

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА –ОБЛЫСТЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ: Санитарлық қызметті жалпы алар болсақ, 100 жыл бұрын болсын, қазір болсын, мақсаты біреу. Яғни, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, пандемияға төтеп беру.   1991 жылы алғаш рет «Санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылық туралы» Заң шықты. Ал, 2003 жылы санитарлық қызметтің беделі артып, біз мемлекеттік қызметкерлер болдық.///

РКС: Соңғы жылдары санитарлық қызмет бірнеше рет қайта ұйымдастырылды. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің міндеті де, жүктемесі де өзгерді. Штат айтарлықтай қысқарды.  

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА –ОБЛЫСТЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ: Соңғы 7 жылда 5 рет қайта ұйымдастыру болды. Әрине, өзгерістер қызметтің құрылымына, біліктілік құрамына әсер етпей қоймайды. Әр қайта ұйымдастыру сайын санитарлық дәрігерлердің қатары азайып отырды. Қазқіргі таңда, бізде кадр жетіспеушілігі сезіледі. Барлығы 48 санитарлық дәрігер бар. Бір қуантарлығы, факультет ашылайын деп жатыр. Өйткені, соңғы 15 жылда медициналық профилактика факультетіне студенттер қабылданған жоқ.///

РКС: Соңғы 2 жылдың тәжірибесі көрсеткендей, санитар мамандар қоғамға ауадай қажет. Қазіргі таңда, бұл мамандық иелері демалыссыз, үзіліссіз қызмет етіп жүр.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА –ОБЛЫСТЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:  Барлығында әлі алып үлгермеген еңбек демалысы бар. Әрине, осы салада жүрген әр қызметкерге шексіз алғыс айтқым келеді. Ауыртпалыққа шыдамай кетіп қалғандар да бар. Біз бұл мамандықты өзіміз таңдадық. Оқып жүрген кезде қазіргідей жағдайлармен теориялық тұрғыда ғана танысқан болатынбыз. Енді, өкінішке орай іс жүзінде де осындай жағдайға тап болып отырмыз.////

РКС: Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың мамыр айында Қазақстанның санитарлық қызметіне 100 жыл толды. Қандай жағдай болмасын, аталмыш сала мамандарының басты міндеті – азаматтардың денсаулығын қорғау және олардың өмір сапасын жақсарту.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЗАРИНА ЖҮНІСБЕКОВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...