ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

САПАЛЫ БІЛІМГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТАДЫ

18:11, 13 қаңтар 2022

ДИКТОР: Қазақстанда педагог кадрлар аз өңірлерге қолдау білдіріп, үздік мұғалімдерді тарту мақсатында арнайы бағдарлама қолға алынбақ. Бұл жөнінде Мәжіліс отырысында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Ақмолалық педагогтар ел Президентінің бастамаларына қатысты өздерінің пікірлерін білдірді.

РКС: Барлық қоғамның дамуының негізгі факторы – сапалы білім беру жүйесін қолжетімді ету. Бұл ретте, материалдық-техниалық базаның мықты болуы аз. Бастысы, білімді, білікті ұстаздар.

СНХ: ГҮЛНӘР ӘБДІҚАСЫМОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Білім саласының қызметкері ретінде айтарым, мұғалімдер тапшы аудандарға, елді-мекендерге ұстаздарды тарту мақсатында оларға арналған әлеуметтік пакет жасау маңызды.  Меніңше, ең бастысы жақсы жалақы емес. Қазақстандық мұғалімдердің айлықтары қазір де жаман емес. Бастысы, шалғайда орналасқан ауыл-аймақтарда өмір сүру жағдайын, инфроқұрылымды дамыту қажет.

РКС: Президент атап өткендей, бізге білімге деген көз-қарасты өзгерту қажет. Гуманитарлық мамандықтарға басымдық беретін уақыт өтті. Енді, техникалық мамандықтарға назар аударған жөн. Болашақта инженер, өнеркәсіп саласы мамандарын тәрбиелеу маңызды.

СНХ: БАЯН СӘРСЕМБАЕВ, С.ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі Қазақстанның ұстаздары, Мемлекет басшысына сенеміз, мелекетіміздің басында халқы үшін, елінің қамын жан-тәнімен ойлайтын әділетті басшының тұрғанына сенімдіміз. Ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде халықпен бірге болып, жерлестерін қолдап, рухтандыруға барын салған жан. Біздер, ел ұстаздары, өз кезегімізде ел болашағы – жас ұрпақтың білімді, бәсекеге қабілетті, жерін, атамекенін, халқын қадірлей білетін, нағыз патриот болып қалыптасуына бір күш-жігерімізді саламыз.

РКС: Қазақстандықтардың өмірі бұрынғыдай болмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев жаhандық және маңызды реформаларды атап өтті. Және бұл бастамасы ғана...

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЗАРИНА ЖҮНІСБЕКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...