ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

САРЫАРҚА МҰРАСЫ САРАЛАНДЫ

19:44, 25 қараша 2021

ДК: Сарыарқа мұрасы сараланды. Осы жылы Ақмола облысының 6 ауданында материалдық емес мәдени мұраларды  жинау, сақтау және зерттеу жұмыстары жүргізілді. 47 елді-мекенде жүргізілген жұмыс нәтижесінде 100-ден астам көнекөз қариямен сұхбат құрылып, 500-ге жуық құнды жәдігер табылған.

РКС: Ақмола өңірі - тарихи құнды мұралардан кенде емес. Көнеден сыр шерткен сол жәдігерлерді қайта жаңғыртып, ұрпаққа насихаттау этноградиялық экспедицияның негізгі мақсаты. Айтулы шара облыстық тарихи өлкетану музейінің «Сарыарқаның тарихи-мәдени мұрасы: ежелгі және ортағасырлық мәдениеттердің сабақтастығы» атты жобасы аясында жүзеге асуда. Алдымен экспедициясы мүшелері өз жұмысын елорда іргесіндегі Целиноград ауданынан бастаған. Кейіннен бұл тізімге Бурабай, Зеренді, Қорғалжын, Шортанды, Ақкөл аудандарында жалғасын тапқан.  

СНХ: АРДАБИ МАУЛЕТ, ЭКСПЕДИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ, ӨНЕРТАНУ PHD ДОКТОРЫ: Целиноград ауданы бойынша рухани мұраны жинау, сақтау жұмыстары Қосшы, Жаңа жайнақ, Ақмол, Жалғыз құдық, Жаңа Есіл, Қараөткел, Қоянды, Софиевка, Қызылжар, Сарыкөл, Талапкер қатарлы 11 ауылдық елді-мекендерде жүргізілді. Орындаушылық өнер, қолөнер, ұлттық тағам жасау бойынша жиыны 120 материал жазылып сақталды. Ақмола облысының 6 ауданында жүргізілген рухани мұраларымызды жинау, сақтау, зерттеу жұмыстары негізінде көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.

РКС: Айталық, игі шара осы жылдың мамыр айында басталған. Ұйымдастырушылар этнографияық бұл экспедицияны ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығана бағыттап отыр. Бабадан қалған бағзы мұраны зерттеп, жарыққа шығару маңызды іс. Ал, сол мұраны одан әрі насихаттау болашақ жас ұрпақтың еншісінде. Сондықтан тағылымды шараға жастарды тартуда өте өзекті.

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Өңірдің тарихи-мәдени мұраларын тиімді пайдалану арқылы облысымыздың мәдени әлеуетін көтеретіні  барлығымызға белгілі.  Ғылым мен уақыт дәлелдегендей, тарихи-мәдени мұраларды, мәдени құндылықтарды жинақтау және сақтау - өркениет дамуының негізі. Осындай мақсаттарды жүзеге асыру жолында Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы облыстық  тарихи-өлкетану музейі өзінің жылсайынғы археологиялық маусымындағы дәстүрлі форматтарын өзгерте отырып, тарихи-мәдени мұра объектілеріне жүргізілетін археологиялық зерттеу жұмыстарына тарихшыларды, өлкетанушыларды және мектеп оқушыларын көптеп тартуда.

РКС: Кешенді музыкалық-этнографиялық экспедиция келесі жылы да жалғасын таппақ. Олар алдағы жылы тағы 6 ауданды қамтуды көздеп отыр. Осылайша, 12 ауданнан табылған құнды мұралардың басын қосып, 1 томдық ғылыми жинақ шығармақ ниетте. Ал,  Ақмола өңірінің тарихы жайлы сыр шертетін жинақты олар аймақтың барлық кітапханаларына үлестіруді жоспарлауда.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...