ШҰҒЫЛ! ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАТАҢ КАРАНТИН САҚТАЛАДЫ Толығырақ

САУМАЛҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

20:11, 10 шілде 2020

ДК: Жақында ғана біз эфирден қойдың құйрық майына сұраныс жоғары екендігін айтқан болатынбыз.  Осылайша, ақмолалықтар арасында  биенің сүті де үлкен сұраныс тудыруда. Шағын және үлкен шаруашылық  иелері көкшетаулықтардың белсенділігін атап өтті. Яғни, тұрғындар жаңа сауылған саумалды алу үшін кезекке тұрып, сауын уақытын асыға күтеді.

РКС: Рахат Донайхан бірнеше ай бұрын алты жылқы сатып алған. Бүгінде олардың төртеуі сауылады. Қымыз баптау  оның  бала күнгі арманы. Рахат 2009 жылы отбасымен  Моңғолия мемлекетінен оралған. Оның балалық шағы сол жерде өткен. Әкесі жүздеген жылқы ұстап, анасы қымыз ашытып, саумал ішкізгені кейіпкеріміздің әлі есінде.

СНХ:  РАХАТ ДОНАЙХАН,  ШАРУАШЫЛЫҚ  ИЕСІ//қаз// Осы жаққа көшіп келгеннен кейін сауал ішкіміз келді және балаларымызды да осы сусынмен өсіруді жөн санадық. Міне, жылқыларды сатып алдым. Болашақта әкем сияқты жүзден астам мал басын көбейтгім келеді. Содан кейін қазір бұл өте өзекті: елде короновирус, адамдар қорқады, иммунитетті қолдау үшін қаражат іздейді. Саумал-бұл ең жақсы дәрі, табиғи, емдік, дәрумендер көп.

 

РКС: Ғылыми тұрғыда сиыр сүтінен  қарағанда саумалдың дәрумендік пайдасы  1,5 есе артық екені дәлелденген. Неміс ғалымдарының зерттеулері бойынша саумал альбумин тобына жататынын көрсетті. Саумалдың аллергиямен ауыратын адамдарға жақсы емдік пайдасы мол. Мәселен, бір тостаған жаңа сауылған саумал ішу үшін Рахат пен Кенжегүлге алдын-ала жазылу керек.

 

СНХ: КЕНЖЕГҮЛ БӘДЕЛ, ЖҰБАЙЫ//қаз// Иә, қазір тұтынушылар өте көп. Біз тіпті қымыз жасап үлгермейміз. Таңғы 8-ден бастап екі сағат сайын сауамыз.

РКС: Бүгінде 900 грамм саумалдың құны 900 теңгені құрайды. Саумалдың бір кесесі – 500 теңге. Рахат Нұрлы көш ауылында тұрады. Ал, тұтынушылар көрші ауылдардан келеді,-дейді.

СНХ: ІЗМҰҚАН ЕСКЕНДІРОВ, ТҰТЫНУШЫ//аударма// Міне, бір апта бойы күніне екі реттен алып жүрміз. Өте пайдалы, дәруиені көп. Нәтиже бірден  байқалды.  Балалардың иммунитеттері көтеріліп қалды.

РКС: Саумал дәрілік-профилактикалық дәрумен ретінде туберкулезге, асқазан-ішек жолдарының аурулары мен бауыр аурулары, соның ішінде гепатитке де тигізер пайдасы орасан.

СНХ: СҮЛЕН ІЛИЯСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: //аударма// Қымызда адам ағзасына қажетті дәрумендердің барлық түрі бар. Ал, саумал ешкінің сүтінен кейін микроэлементтерге жақын.

РКС: Бір апталық курстан кейін саумалдың адам ағзасына тигізер пайдасының ұшаң-теңіз екендігі дәлелденді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
20:05, 14 тамыз 2020
КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
20:02, 10 тамыз 2020
АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
Толығырақ...
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР»
19:56, 10 тамыз 2020
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР...
Толығырақ...