ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ҰЛАҒАТЫ… Толығырақ

САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ САЙЛАНДЫ

20:15, 29 сәуір 2021

ДИКТОР: «NUR OTAN» партиясы Ақмола облыстық филиалының кезекті 34-ші есептік конференциясы өтті. Саяси кеңес бюросының жаңа құрамы таңдалды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев партияның өңірлік саяси кеңесінің алдында атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.

РКС: Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінен бірінші тоқсанда  республикада үздік үштіктен көрінді. Партияның өңірлік филиалы үшін праймериз бен сайлау науқанын өткізу жауапты кезең болды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: ///рус/// Жалпы, облыс бойынша партияішілік праймеризге партияның 827 мүшесі қатысты. Депутаттыққа кандидаттар резервіне 495 адам өтті. Олардың 211-і кейін депутат атанып, халық қалаулыларының 83,7 процентін құрады. Үміткерлердің екеуі Парламент Мәжілісінің депутаты болды.

РКС: Конференцияда қоғамдық қабылдаудың маңызы аталды. Есепті кезеңде азаматтардан 22 мың өтініш түскен. Оның 62 проценті шешіліпті. Бұл республика бойынша үздік көрсеткіш.  Өңірде жетім балалардың 87 проценті  қамқорлықпен және патронаттық тәрбиемен қамтылған. Қазіргі уақытта 202 бала балалар үйін паналауда. Сондай-ақ, жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1200 адам жұмысқа орналастырылды.

СНХ: УМАР ШОНАЗАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ   ДЕПУТАТЫ ///рус///Міндеттерді бөлу кезінде маған жұмыссыздық деңгейін 4,6 процентке дейін төмендету сеніп тапсырылды. Оң өзгерістерді әркім өзінен бастауы керек деп ойлаймын.  Біздің кәсіпорын қыркүйек айында қосымша жұмыс орындарын құруды ұлғайта отырып, «Көкше-Сити 2» жаңа блогын іске асыратын болады. Онда 250 тұрақты жұмыс орны ашылады.  Яғни, «Новопэк» компаниясында 1600-ден астам тұрақты жұмыс орны болады.

РКС: Былтыр 2019 жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық дерегі 43 процентке төмендеген. Сондай-ақ, «2021-2025 жылдарға арналған жол картасы» аясында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру, спорт және жаңартылатын энергетика саласында 10 ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Айта кету керек, дауыс беру қорытындысы бойынша аудандық саяси кеңес құрамына 39 адам, ал партияның аймақтық филиалының жаңа құрамына саяси кеңес бюросының 11 мүшесі кірді. Іс-шара соңында бірқатар мемлекеттік қызметші облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ДАНИЯР ҒАББАС, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
18:28, 30 сәуір 2021
50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
19:57, 30 сәуір 2021
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Толығырақ...