ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

САЯСИ-ҚУҒЫН СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ

20:52, 11 маусым 2021

ДИКТОР: Облыста саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жобалау кеңесінің жұмысы қыза түсті. Әзірге мұрағат құжаттарымен жұмыс жүргізіп, жазықсыз сотталып, жер аударылған ақмолалық зиялылардың тізімі жасақталуда. Толығырақ тілші бейнематериалында.

РКС: Саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау – өзекті мәселе. Осы мәселе төңірегінде өңірлік жобалау кеңесі де бірнеше  бағытта жүйелі жұмыс атқаруда.

СНХ: АҚБОТА БЕКСЕЙІТОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ ///қаз/// Мемлекеттік комиссия өңірлік жобалау кеңестерінің алдында міндеттер қойған. 1928 жылдары тәркіленген кулактар, байлар, жартылай феодалдардың санын анықтау. Біздің Ақмола облысында осындай жер аударылғандар, конфескацияға ұшыраған халықтың саны қанша болды және олар қай жерлерге барды, келді ме, Отанына қайтып оралды ма, осы Ақмола облысына келді ме, олардың ұрпақтары қандай, олар ақталды ма, ақталмады ма сол мәселелрді архивтік деректер арқылы, бүкіл аудандарды аралай жүріп, олардың кейінгі қалған ұрпақтарының да айтатын материалдарын қолдана жүріп, осы мәселелерді қарастыру.

РКС: Тарихшы айғақ, дәлелсіз жұмыс жүргізбейтіні мәлім. Сол себепті, жобалау кеңес мүшелерінің жұмыс барысында сүйенері - мұрағаттық құжаттар.  Оның нәтижесінде жыл соңына дейін ұжымдық монография, естелік кітаптар, көтеріліс болған жерлердің жаңа картасын жасау көзделіп отыр.

СНХ: МАРАТ ӨТЕГЕНОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ,  ДОЦЕНТ ///қаз/// Бізде осы жұмыс мамыр айынан бастап жүріп жатыр. Қазіргі жұмыстарымыз мұрағаттан әкелініп маттеиралдар бұл есімдерді өңдеп, сол бойынша істерді қарап жатырмыз. Жұмыс өте көп, ауқымды. Бір-екі үш айда аяқталатын нәрсе емес. Бірақ біз істің басталғанына тарихшы ретінде қуаныштымыз.

РКС: Бұл атқарылып жатқан жұмыстар ұлтының жарқын болашағы үшін жазықсыз жапа шеккен азаматтардың алдындағы парызымыз, – деп атап өтті кеңес мүшелері.

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...