ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

СЕНАТОР ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

15:47, 10 қыркүйек 2021

ДК: Ауған соғысының ардагерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау аз. Кешегі жауынгерлер «Ардагерлер туралы» Заңға өзгерту енгізілуін сұрайды.  Атбасар қаласында ауыр дертке шалдыққан ерекше қажеттілігі бар балаға тегін берілетін препараттың жеткізілу мерзімі тым ұзақ. Осы және өзге де мәселелер Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекеновтың жергілікті билік өкілдерін қабылдауы барысында мәлім болды.   

ЖКС: Сенатор қабылдауына келген он жылғы қанды қырғынды көрген ауған ардагерлері бірқатар түйіткілдерін ортаға салды. Өзектісі - әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мен тұрғын үйге қатысты мәселелер болды. Сондай-ақ, жұмыс істемейтін ардагерлерге медициналық сақтандыруды төлеу мен зейнетке шығу жасын төмендету жайы да айтылды. Айта кетейік, сұрапыл шайқасқа Ақмола өңірінен 1113 жауынгер қатысып, 61 адам ерлікпен қаза тапты. Ал бүгінде облыста 740 ардагер тұрады. 

СНХ: ЫБЫРАЙ ДУАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жүрек айқайынан шыққан мәселелердің бірі – медициналық сақтандыру, пәтер алу, сол пәтерді өзінің атына түсіру, курорттық санаторийгетегін жолдама беру. Тағы бір мәселе - жылына бір рет екі жұмалық еңбек демалысына шығып, тиісті ақшасын алу. Жасы елуден асып, алпысқа таяған ардагерлер ауырады. Көбі жұмыс істемейді. Олар 18 мың ғана жәрдемақы алады. Ол неменеге жетеді. Соны 40 айлық есептік көрсеткішке қосса дейміз. Осы проблемалар шешімін табады деп ниеттіміз.

ЖКС: Келесі мәселе - баласы нейробластомаға шалдыққан атбасарлық ананың жан айқайы. Ол Үкіметтен иммунотерапия үшін қажетті препаратты жеткізу мерзімін тездетуді сұрайды. Нейробластома - бұл жас балаларда кездесетін қатерлі ісік.

СНХ: САЯТ ТОЛЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: 012 жылғы Амира Түсенованың анасы Мәрияш Әлжанованың атынан қабылдауға кіріп, мәселені баяндадық. 9 жасар қыз балаға тез арада 28 миллион теңге тұратын «Динутуксимаб» дәрісі ауадай қажет. Басқа препараттар көмектеспейді. Бюджет есебінен қаражат бөлінді. Бірақ, тегін берілетіндіктен, жеткізілу уақыты тым ұзақ. Қағазбастылық көп. Осы процессті тездету керек болып тұр. Ол үшін нормативтік - құқықтық актіні тезірек қабылдау керек. Осы мәселе шешімін тапса, балаға дәрі-дәрмегі жеткізіледі.   

ЖКС: Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың хатшылары жалақысын көтеріп, лауазымдарының атын өзгертуін сұрады. Шалғайдағы халықтың жағдайы да ескерілмей қалмады. Ауылдық округ әкімдері интернет, ауыз су, электр қуатымен қамтамасыз етуге қатысты проблемаларын ортаға салды. Сенатор алдағы уақытта жұмыс тобымен кездесіп, оны шешудің жолдарын қарастыратынын айтты.

СНХ:НҰРЛАН БЕКЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Ауған соғысы ардагерлерінің мәселесіне қатысты, бұл сұрақтар өте қиын. Бұл республика бойынша көтерілген мәселелер. Бір күннің еншісінде емес. Сондықтан жұмыс тобында бұл мәселелерді көтереміз. Мәслихаттардың еңбекақысына байланысты алдағы уақытта қарастырамыз. Ал дәріге қатысты айтар болсақ, бұл тіптен қиын сұрақ. Қаржы Министрлігі арқылы мұндай қымбат препаратты тегін беру үшін, Бюджет Кодексіне өзгерту енгізу керек. Бір жолын қарастырамыз. Ауылдық округтердің бәрінде сол бір мәселе. Аталған сұрақтарды көтеріп, шешімін табуға тырысамыз.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...