
ДК: Көкшетауда "SENIMEN BOLASHAQ" республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының ашылуы өтті. Шараға қоғамдық ұйым өкілдері, белсенділер мен ата-аналар қатысты.
ИНТЕРШУМ: лентаны кесу
РКС: «SENIMEN BOLASHAQ» ата-аналар қоғамдық бірлестігі өткен жылдың тамыз айында құрылған. Еліміз бойынша 13 филиал бар. Бір жыл ішінде республикалық 12 форум, 100-ден астам семинар-тренинг пен өңір тұрғындарымен кездесу өткізілді.
СНХ: РАХЫМБЕК ЖОЛАЕВ, «SENIMEN BOLASHAQ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі таңда бірлестікте 30 мыңнан астам мүше бар. Негізгі миссиясы – отбасы құндылықтарын насихаттау, саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру. Мақсат – ата-ананың сана-сезімін дамытып, психологиялық-педагогикалық білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, бала тәрбиесіне жан-жақты қолдау көрсету.
СНХ: ЕРЛАН ЗАКИРЬЯНОВ – «ӘКЕЛЕР ОДАҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін осы шараға шақырылған спикер ретінде біз де қоғамдық бірлестікпіз, бұлар біздің серіктестеріміз. Олар облысымызда белгілі бір уақыт бойы осында қызмет етіп келеді, бүгін біздің облыста ресми ашылуы, олардың әр облыста филиалдары бар, бүгін біз "Әкелер Одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің серіктестері ретінде бір міндетіміз-өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Біздің жас отбасыларымызға назар аудару.
РКС: Қоғамдық бірлестік алдағы уақытта республика бойынша филиал санын 20-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
АЙНҰР ДҮЙСЕН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ,
"КӨКШЕ АҚПАРАТ"